ҚР Тәуелсіздігі Күні мерекесіне арналған салтанатты шара

13.12.2014

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде марапаттау, аудан кең жұртшылығының қатысуымен салтанатты жиналыс және концерт өтті.

Марапаттау рәсімінен бұрын, жиналғандарды аудан әкімі Б.С. Демеуов құттықтады, өз сөзінде ол жаңадан пайда болып жатқан мемлекеттің кәугерлері болған біздің барлығымызға 23 жыл бұрын өтіп кеткен оқиғаларды еске түсірді. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттері – бірігу дағдысы, басқа халықтармен бейбітшілікте, келісімде өмір сүру арқылы ол мемлекеттілік пен егемендікке жетті. Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев нақты мақсатты қоя білді, орсан зор экономикалық міндеттерді шешуге халықтың жігерлілігін тудыру. Бүгін бұдан да күрделі стратегиялық міндет қойылуда – әрбір қазақстандық Қазақстан әлемнің ең дамыған елдерінің 30-ғына кіру үшін жасампаздық үдерісіне өз үлесін қосуы қажет, барлық жоспарлар орындалатынына, ал жастар алға қарай жылжып, бұдан да еркін және табысты болатынан сенеді, деп атап өтті аудан әкімі.

Одан кейін аудан тұрғындарын – көп жылғы адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесі үшін өндіріс мамандарын, мемлекеттік қызметшілер мен әртүрлі қызмет салаларының мамандарын марапаттау рәсімі басталды.

Аудан әкімінің грамотасымен марапатталғандар: Г.К. Букаева – аудан әділет басқармасының бас маманы, А.Б. Жұмабеков – Успен ауылының отбасы үлгідегі балалар үйінің директоры, А.С. Калыков - «Успен машина-трактор станциясы» ЖШС басқарушысы, Н.К. Кульмухамбетова – Қаратай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Н.К. Кононбаев – Таволжан ауылының жеке кәсіпкері, Т.В. Мартенс – ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, А.И. Таитянова – Лозов селолық округінің еңбек ардагері, Н.И. Терехов -  «Галицкое» ЖШС машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, М.Ж. Тулешев - «БиК» ШҚ механизаторы.

Аудан әкімінің алғыс хаттарымен атап өтілгендер: Ж.З. Аманбаева - №3 УЖОББМ-ң математика пәнінің мұғадімі, М.А. Гордейчик – педагогикалық еңбек ардагері, Г.И. Жұмабаева – аудандық «Сельские будни» газеті бас редакторының орынбасары, Н.Ф. Кайыркулова – Ольгин ЖОББМ-ң қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Н.С. Петровский – «Павлодар электржелілері» компаниясының Успен филиалының бақылаушысы, Е.И. Себрова – Қоңыр Өзек ауылының жеке кәсіпкері, Н.И. Семенюк – «Семенюк» ШҚ басшысы.

Биылғы жылы барлық деңгейлердегі мәслихаттардың пайда болуының 20 жылдығы атап өтілуде, осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, мәслихаттардың ардагерлері «Қазақстан мәслихаттарының 20 жылдығы» медальдарымен және салалық министрліктердің грамоталарымен марапатталды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің грамотасымен - С.Р. Смағұлова, Мәдениет министрлігінің грамотасымен – А.В. Ви марапатталды, Ауыл шаруашылығы министрлігінің алғыс хаты направлено Ж.Р. Бараисовқа жолданды, осыдан басқа, олар медальдармен марапатталды.

Аймақтық басқарманың мерейтойлық медальдарын және құрмет грамоталарын аудан әкімі Б.С. Демеуов Р.К. Бечеловаға, В.И. Левченкоға, Т.Н. Абулгазиноваға, С.Г. Бахралиновқа, А.Н. Бондаренкоға, А.Т. Есмухановаға, В.Н. Пустоваловқа, А.А. Кабиевқа, К.Т. Жумадироваға, Н.И. Фоменкоға, В.Г. Ерашоваға, Б.З. Сабабаевқа, Н.Д. Герценге, Т.В. Решетнякқа тапсырды.

Жиналғандарды аудандық мәслихаттың хатшысы Р.К. Бечелова құттықтады, ол белсенді қоғамдық жұмыспен өзінің негізгі жұмысын көп жыл бойы қатар атқарған адамдар құрметке лайық екенін атап өтті, әрбір депутат тәуелсіздікке жетуде өз үлесін қосты, барлығына амандықты, жетістіктерді, республикаға гүлденуді тіледі. Р.К. Бечелова Павлодар қалалық мәслихаттың тапсырмасы бойынша аудан әкімі Б.С. Демеуовке мерейтойлық медальды тапсырды.

Аудандық мәслихаттың грамоталарымен марапатталғандар: А.Ж. Абраева, А.Ш. Есембаев, И.В. Зель, Г.М. Токсанбаева, Б.Б. Юсупова, алғыс хаттар Е.А. Жартовскаяға, Г.Ж. Каировқа, М.А. Пеннерге, А.Ж. Смаиловаға жолданды.

Ауданның тағы бірқатар тұрғындары салалық басқармалардың грамоталарымен және алғыс хаттарымен, барлық деңгейлердегі мәслихаттардың 20 жылдық құрметіне орай мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Еңбек ардагерлері атынан марапатталғандарды Т.Н. Абулгазинова құттықтады, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аудандық мәслихаттың жұмысы туралы әңгімеледі. Біздің Жерлесіміз С.Г. Бахралинов жиналғандарға арналған сөз сөйлеп, успен жеріне келу, бұрынғы әріпстестерімен кездесу қуанышымен бөлісті, адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жұмыстарына жетістіктерді тіледі, мерекелік шараға шақырғандарына алғысын айтты.

Мәдениет үйінің көрермендер залында ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеу құрметіне орай аудан жұртшылығының салтанатты жиналысы өтті. Мұнда ауданның құрметті азаматтары, басшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғамдық, жастар және діни бірлестіктердің өкілдері, ауылдар мен селолық округтердің делегациялары жиналды.

Баяндамамен аудан әкімі Б.С. Демеуов сөз сөйледі, ол, 1991 жылы ел Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы республиканың және оның көп ұлтты халқының тағдырында маңызды оқиға, біздің мемлекетіміз үшін есептеу нүктесі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан, жаңа даму жолына тұрып, еркіндік туралы халықтың ғасырлық арманын іске асырды. Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев халықты жаңа үміттерге шабыттандырып, тек алға қарады. Тәуелсіздіктің маңызды қорытындысы - халықтың бірлігі, бейбітшілік пен келісімнің арқасында әлемдік аренада экономикалық дамудағы маңызды жетістікерге қол жеткізілді. Президент Қазақстан халық Ассамблеясын құрды, 2015 жылы оған 15 жыл толды, бұл әлемде үлігісі жоқ бірегей қоғамдық институт. Астананы көшіру, Астананың гүлденуі Қазақстанның серпінді дамуының бейнесіне айналды. Аудан әкімі біздің аудан бүкіл елмен бірге дамып жатқанын, биылғы жылы да аграршылар олжалы астықты жинауда бар мүмкіндіктерін жасағанын, мал шаруашылығында жағымды өзгеріс байқалып жатқанын, қара мал басы өсіп жатқанын, осының барлығына мемлекеттің көмекқаржы түріндегі қолдауы жәрдемдесетінін атап өтті. Тәуелсіздіктің басты жетістігі азаматтардың өмірін жақсарту болып табылады, зейнетақы өсуде, әлеуметтік салаға шығындар, білім беру мен мәдениет мекемелері жөнделуде, жаңа техникамен жабдықталуда. Соңында, аудан әкімі әлемдегі ешбір ел Қазақстан сияқты тәуелсіздіктің алғашқы жиырма жылы ішінде осындай маңызды нәтижелерге қол жеткізбегенін атап өтті. Ол барлығына бейбітшілік, амандық, кәсіби жетістіктерді тіледі.

И. Байзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестірінің концерті мерекеге сыйлық болды (дирижері – Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Т.Б. Кәрімов). Музыкалық композицияларды шебер орындау, нөмірлерді жеке және топтық орындау көрермендерге үлкен әсер етті. Қазақстан, туған жер және оның сұлулығы туралы әндерді шебер орындаумен жеке орындаушылар қуантты, олардың ішінде республикалық конкурстардың лауреаттары аз емес - Лейла Сейсенбаева, Ербол Айтбаев, Асель Ахметова, Наталья Процкая, Асем Даутова, Нуржан Саркамбаев и другие.

Концерт аяқталғаннан кейін салтанатты жиналыстың қатысушылары әртістерді орындарынан тұрып қарсы алды, аудан әкімі Б.С. Демеуов оларға үздік өнер көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, оркестрдің ұжымына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты құттықтауды тапсырды.

IMG_7777  IMG_7768

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp