«Жас Ұлан» қатарына қосылды

12.12.2014

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы жаңа қатысушылармен толықтырылды.

Ауданымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында осы шараға мектеп оқушыларын қабылдау жақсы дәстүрге айналды.

Салтанатты рәсімдеу №3 Успен орта мектебінің залында өткізілді.

Балалар-жасөспірімдер ұйымының негізгі міндеті – өскелең ұрпақты толеранттыққа, Қазақстанның бүгіні мен ертеніне, Отан тарихына ортақтастығына, қазақстан халқы мен Отанына шын берілгендікке, жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, патриотизм рухында тәрбиелеу. Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас Ұлан» қатарына мектептің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысатын, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен үздік оқушылар қабылданды.

Аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпова оқушыларға тілек сөздерімен сөз сөйледі, оларға оқуда сәттілік, алдарына жоғары мақсаттар қойып, оларға қол жеткізуді, өз Отанын сүюді, өзінің елін және көшбасшы Н.Ә. Назарбаевты құрмет тұтуды, достық пен бейбітшілікті сақтауға, адал әрі адамгершілікті болуы тіледі.

 «Егемен Қазақстан» әнін №3 Успен ОМ оқушысы Топтун Ангелина орындады. Содан кейін салтанатты рәсімдеу басталды. «Жас Ұлан» ұйымына аудандық орталықтың бесінші сыныптардың 15 оқушысы қабылданды: Белявская В. – жеңіл атлетика бойынша аудандық жарыстардың жүлдегері, Бараисов Ж. - мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауының жүлдегері, Топтун А. – орыс тілі бойынша олимпиаданың жеңімпазы, Жайқайратова Ж. – аудандық спартакиадалар жүлдегері, мектеп көшбасшысы; Кулага Д. – ауданның және мектептің қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы, Жантөре М. – қазақ тілі бойынша олимпиаданың жеңімпазы, Тарскина А. – мектеп көшбасшысы, аудандық музыкалық шаралардың жүлдегері, Тивоняк В. - ауданның және мектептің қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы, Ибраева Б. – математика бойынша олимпиадалар жүлдегері, сурет байқаулары мен мәтінді мәнерлеп оқу конкурстарының жүлдегері, Маркова Е. – «Ақ бота» халықаралық олимпиаданың жүлдегері, Қалықов А. - ауданның және мектептің қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы, Қабиева А. – орыс тілі бойынша олимпиаданың жүлдегері, Нечтайлюк А. – жеңіл атлетика бойынша аудандық спартакиаданың жүлдегері, Ширажиденова О. - ауданның және мектептің қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы, Чарушникова С. – қазақ тілі бойынша олипиада жүлдегері.

Балаларға көгілдір галстуктерді байлау құқығы құрметті қонақтар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасына, аудандық мәслихат депутаттарына, жастар орталығының қызметкерлеріне берілді.

Осыдан кейін балалар «Жас Ұлан» республикалық ұйымның салтанатты антын қабылдады. Жас ұлан қатысушылары – шын патриот, нағыз көшбасшы, сенімді дос, қоғамға қызмет етеді, болашақ Жас Отан қатысушылары! Оқушыларға үлгілі жас ұлан, біздің Отанымыздың мақтанышы болуды тілейміз!

2

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp