Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және ауыл еңбеккерлеріне наградалар табысталды

15.12.2014

Бүгін аудандық әкімдікте  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Бәкір Демеуов салтанат жиылыстың қатысушыларын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иван Ефимович Радаевқа, Яков Михайлович Лозовикке, Михаил Иллариониович Шаболдаға Республикалық қарулы күштерінің ардагерлер қоғамының «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы медалдарын табыстады.

Сонымен бірге отанымызды өркендету жолындағы көп жылғы адал еңбегі, кәсіби қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай облыс әкімінің өкімімен Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен еңбек ардагері Константинов селосының тұрғыны Арапов Есмұқан марапатталды.

Успен ауданының ауылшаруашылық саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Анна» ШҚ басшысы Сергей Алексеевич Саруджидиге Павлодар облысы әкімінің алғыс хаты жолданды.

2

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp