Мемлекеттік тілде оқытылуымен 2 топтың салтанатты ашылуы

28.11.2014

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылдың 28 қарашасында «№2 Успен ОМ» ММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында мемлекеттік тілде оқытылуымен 2 топтың салтанатты ашылуы болып өтті.

Шағын орталық 40 орынға арналған. Ғимарат бөбектердің қолайлы барып-келуі үшін барлық қажетті жағдайлармен, ойын бөлмесімен және жаңа ойыншықтармен қамтамасыз етілген.

Салтанатты ашылуда Успен ауданының әкімі Бәкір Саматұлы Демеуов қатысып, осындай шағын орталықтың ашылуы сияқты керемет оқиғамен бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын құттықтады. 

Бұл орталық болашақ ұландарды жақсылыққа, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, болашақтарына дұрыс бағдар көрсететін іргетас боларына үміт артамыз.

Еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатқан осындай шағын орталықтар қоғамның өмір сүру сапасы артқандығының, олардың әл-ауқаты жақсарғандығының дәлелі деп сенеміз.

SAM_0671 - копия

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp