Аудандық «Бір ел! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» атты патриоттар форумы

28.11.2014

28 қараша күні АМҮ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған аудандық «Бір ел! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» атты патриоттар форумы өтті, оған аудан әкімі Б.С. Демеуов, ауылдар мен селолық округ әкімдерінің жетекшілігімен ауылдар мен селолық округтердің делегациялары, мемлекеттік мекемлелердің басшылары, еңбек ұжымдары, жастар көшбасшылары мен өкілдері қатысты. Форумды Успен ауданының әкімі Б.С. Демеуов ашты. Өз сөзінде Бәкір Саматұлы елдің дамуындағы жастар рөлінің маңыздылығын атап өтті, барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады, мықты денсаулық пен өркендеуді тіледі. Біздің республикамыздың қарқынды дамуы бойынша өз елестерімен

Форумның қатысушылары, қоғамдық пікірдің жеке көшбасшылары, жас кәсіпкерлер және жас мамандар өз ойларымен бөлісті. Бұл, Иван Салогуб - ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаушысы (Лозов а.), Дамира Смаилова - жас кәсіпкер, «ДАМУ» қорының өкілі, Ермұрат Зұлқарнай - № 23 Успен аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы.

Аудан әкімі мәдени, спорттық және қоғамдық-саяси өмірге қосқан үлестері үшін ауданның бірқатар жас белсенділеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды. Олар: Виктория Жұмағұловаға – Константинов ЖОББМ-ң мұғалімі, жас көшбасшы, Иван Салогубқа – Лозов селолық округінің жастармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаушысы, Максим Сагайдак – Успен ауданының аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы, стритбол бойынша облыс чемпионы, Еркебай Тауасқановқа – облыстық жоғарғы КВН лигасының чемпионы.

Форум мерекелік концертпен жалғасты.

IMG_7440

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp