Тұңғыш Президент Күніне арналған спорттық іс-шаралар

30.11.2014

Футзал бойынша турнир

Успен с. БмЖСМ спорт манежінде футзал бойынша облыстық турнир өтті, оған 8 команда қатысты. Ойын соңында екі топ ішінен мықтылары анықталды. Павлодар ауданының командасы 4-ші орын алып, жүлделі орындардан тыс қалды, ал Қашыр ауданының командасы жүлделі 3-ші орында. 1-2 орындарға Успен және Май аудандарының футболшылары шешуші ойында ойнады. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды, тек ойын соңындағы пенальти нәтижесінде алаң иелері жеңіске жетті. Команда құрамында М.Тауасқанов, М.Құрманалинов, Д.Теміржанов, А.Шикло, Ж.Амри, С.Шариден, А.Бижанов. Жүлдегерлер командасы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі есебінен кубоктармен, мадақтама қағаздармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.   

Волейбол бойынша турнир

Галицк а. дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде ерлер мен әйелдер командалары арасында волейбол бойынша аудандық турнир өтті. Жарысқа 7 ерлер және 4 әйелдер командалары қатысты. Ойындар шеңберлі жүйе бойынша өткізілді, оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталды. Әйелдер командасы арасында 3-ші орынды БмЖСМ командасы, 2-ші орынды Қоңырөзек с/о командасы алды. Галицк а. жеңіске жетті. Ерлер арасында 3-ші орынға Новопокров а. командасы, 2-ші орынға Галицк а. командасы ие болса, Успен с. командасы 1-ші орын алды.

Жарыстың салтанатты жабылуында жеңімпаздар кубоктармен, мадақтамалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp