Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық топтардың жұмысы

25.11.2014

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға ықпал етудің идеологиялық негізі Президенттің 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауы болып табылады. Ауданда ақпараттық науқанды 13 ақпараттық топ жүргізеді, оның ішінде 1 аудандық және 12 ауылдық, олардың құрамына 89 адам кіреді.

25 қараша күні ауданда Ел Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ жұмыс істеді.

Галицк, Новопокров, Дмитриев және Қоңыр Өзек ауылдарының халқы алдында Бақыт Мақанқызы Бексейітова – Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы және Андрей Борисович Балашов – Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы сөз сөйледі.

Облыстық АТ мүшелерімен 215 адамның қамтылуымен 4 кездесу өткізілді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі Б.С. Демеуов және аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпова қатысты. 

Ауданның ауылдары мен селолық округтерінде ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық ақпараттық топтың құрамы жаңартылды. Оның құрамында – жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау, білім беру салаларының өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар көшбасшылары.

Бұл күні аудандық АТ мүшелері 22 кездесу өткізді, оларға 538 адам қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp