Қазақстандағы қорғаншылық және қамқоршылық: шарттары және қажетті рәсімдер

17.11.2014

Асырап алу, қамқоршылық және патронат – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет. Қазақстанда баланы қамқоршылыққа, қорғаншылыққа қабылдаудың негізгі шарттары мен кезеңдерін біз аталмыш мақалада қарастырамыз.

Алдымен асырап алатын ата-ана мен баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке және ерлі-зайыптылық туралы кодекске сәйкес заңды қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Аталмыш мақалада біз қорғаншылық пен қамқоршылықты қарастырамыз, сіз Қазақстандағы бала асырап алу тәртібімен танысып, қалай патронаттық тәрбиеші болуға болатынын да біле аласыз.

Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көп жағдайда мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл  қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатынға қамқор болмауы керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты айырмашылығы оларды белгілеу қажеттілігінің туындауы, әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өзінің құқықтарын қорғай немесе мүлікке басшылық жасай алмайтындарға көмек.

Қамқоршы, қорғаншы кім бола алады?

Егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмесе, қамқоршы немесе қорғаншы оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Басқаларға қарағанда жақын туысқандарының қамқоршы немесе қорғаншы болуға басым құқығы бар. Қамқоршылықты әдетте әжелер, аталар, кәмелетке толған ағалар мен әпкелер, кейде – балалардың ағалары мен тәтелері қабылдайды. Бірақ қамқоршылыққа сырттағы адам да алуы мүмкін.

Қамқоршылар және қорғаншылар болып, төмендегілерді қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана бола алады:

  • сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектелген адамдар;
  • ата-ана құқығы сотпен шектелген немесе ата-ана құқығынан сотпен айырылған адамдар;
  • оған ҚР заңымен жүктелген міндеттерді тиісті емес орындағаны үшін немесе қамқоршының міндеттерінен шеттетілгендер;
  • егер асырап алу сотпен жойылса, бұрынғы асырап алушылар;
  • денсаулық жағдайы бойынша қамқоршы немесе қорғаншының міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар *.

Балаға қамқоршы немесе қорғаншыны тағайындауда қамқоршы немесе қорғаншының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерін орындау қабілеттілігі, ықтимал қамқоршы немесе қорғаншы және бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса баланың өзінің тілегі ескеріледі. Егер сіз кәмелетке толмағанға қамқоршы немесе қорғаншы болғыңыз келсе және бұл сәтте некеде болса, онда сіздің жұбайыңыздың/зайыбыңыздың келісімі міндетті түрде қажет.

Қамқорлықтағы кәмелетке толмағандардың қамқоршылары және қорғаншылары олармен бірге тұруға міндетті. 16 жасқа толған қамқорлықтағылармен жеке тұруға қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органның рұқсатымен рұқсат етіледі.

Қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалудың басым құқығына ерлі-зайыптының бірі, ата-анасы, туысқандары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар ие.

Қандай балаларға қамқорлық пен қорғаншылық белгіленуі мүмкін?

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар асыралуға, тәрбиеленуге, олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына ерекше мұқтаж. Дәл осы себептен қайырымдылық, қамқоршылық және қорғаншылық белгіленеді. Қамқоршылық пен қорғаншылық мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді көбірек білдірсе, онда патронаттық тәрбие үлкен қызығушылық танытуды білдіреді.

Қалауыңызға қарай сіз, егер мүдделер арасында қайшылықтар болмаса бірнеше балаға қамқоршы немесе қорғаншы бола аласыз.

Осылайша:

  • бала үшін: жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
  • кәмелетке толған, сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар үшін қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады.

Қамқорлық және қорғаншылық есебінде тұрған және ауруханада,  балалар үйінде, баспанада болатын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады.  Әдетте немесе  қорғаншы болып ата-анасынан айрылған және тастанды баланың қамқоршысы туыстары болады: әжелері, аталары, тәтелері және т.б. Бірақ бұл қамқорлыққа қандас емес баланы ала алмайды деген сөз емес.

Қамқоршыларға және қорғаншыларға көмек және  материалдық төлемдер

Кодекстің 125-бабына сәйкес, өз міндеттерін ақысыз орындаса да, қамқорлығындағыларды өз қаржысы есебінен асырауға міндетті емес. Қамқорлықтағы адамды асырау қамқорлықтағы алатын еңбекақы, алименттер, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің есебінен, сондай-ақ оған тиісті мүлік есебінен  жүзеге асырылады.  Қамқорлықтағыны асырап алуға жеткілікті қаржы болмағанда қамқоршылық және қорғаншылық органдары оны асырап алуға жәрдемақы тағайындайды. Жәрдемақыны онлайн төлеуге өтініш беру және жәрдемақыны тағайындау туралы толық ақпаратты  осы жерден білуге болады. Жәрдемақы мөлшерлері туралы толық ақпаратты сіз Қазақстандағы жәрдемақы және төлемдер мақаласынан біле аласыз.

Қамқоршылар/қорғаншылар өз қамқорлығындағыларға қамқор болуға міндеттілігіне байланысты егер оны асырау бойынша міндеттері болса немесе оны орындамаса, өз қамқорлығындағының ата-анасына (ата-анасының біріне) алименттерді төлеу туралы талаптарды қою құқығы ғана емес, міндеті де бар. Алименттерді төлету туралы толық ақпарат осы жерде.

Қамқоршылар және қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер қамқорлығындағының мүлкіне, оларға төленетін алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және қамқорлықтағыларды асырауға төленетін өзге де әлеуметтік төлемдерге  үміткер бола алмайды. Оларды балаларды тәрбиелеуге және асырауға ғана жұмсауға болады. Мысалы, баланы дамытуда пайдасы болатын компьютер, музыкалық құрал немесе басқа да нәрселерді сатып ала алады..

Қалай қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады? Қажетті құжаттар мен рәсімдер тізімі

1. Егер сіз баламен туысқандық қарым-қатынаста болсаңыз, онда бірден 4-қадамға ауысу қажет -  ХҚКО бару. Егер баланың туысқаны болмасаңыз қамқоршылық және қорғаншылық органдарына баланы таңдауға әрекеттесу туралы өтініш беру қажет.

2. Егер ақпарат сізді қызықтырса, сіз баланы таңдау және баруға жолдама аласыз. Осы жолдамамен сізді баламен және оның жеке ісімен таныстыратын балалар мекемесінің басшысына жүгіну қажет. Сіз балаға мекемеге барып, оны өз отбасыңызға қабылдауға келісім немесе бас тарту туралы шешім қабылдай аласыз.

3. Қажетті құжаттардың тізімімен  тұрғылықты жері бойынша ХҚКО немесе қамқоршылық және қорғаншылық органына жүгіну. Қызметті сондай-ақ онлайн алуға болады.

Балаға қамқорлық/қорғаншылықты белгілеуге қажетті құжаттар:

  •  аудандық, қалалық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары басшыларының атына қамқоршы/қорғаншы болу тілегі  туралы өтініш;
  • қамқоршы/қорғаншы болатын адам некеде тұрса жұбайының нотариалды расталған келісімі;
  • қамқоршы/қорғаншы болуға тілек білдірген адамның, некеде тұрса жұбайының жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі;
  • қамқоршы/қорғаншы болуға тілек білдірген адам және егер қамқоршы/қорғаншы болуға тілек білдірген адам некеде тұрса жұбайының денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
  • некеге тұру туралы куәлік немесе егер қамқоршы/қорғаншы некеде тұрмаса нотариалдық расталған анықтама;
  • жақындарының немесе достарының ұсыныс хаты;
  • еңбекақы туралы анықтама немесе өзге де табыстар туралы анықтама;
  • тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
  • қорғаншы/қамқоршы болуға тілек білдірген адамның және оның жұбайының сотталмағандығы туралы анықтама.

Сонымен қатар қамқорлық/қорғаншылыққа берілетін әр балаға қамқорлық/қорғаншылыққа тілек білдіруші келесі құжаттарды ұсынады:

  • Мектеп әкімшілігімен расталған баланың келісімі (егер бала 10 жастан үлкен болса).
  • Баланың туу туралы куәлігі.
  • Баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан көшірме.
  • Ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болғаны немесе іздеу туралы куәліктің көшірмесі, бала некеден тыс туған жағдайда № 4 нысан бойынша анықтама және баланың ата-анасынан айрылғанын растайтын басқа да құжаттар).
  • Баланың оқу орнынан анықтама.
  • Зейнетақы алатын балалардың зейнет кітапшасы, алиментті өндіру туралы сот шешімінің көшірмесі.
  • Ағалары және әпкелері туралы мәліметтер және олардың тұратын жері.
  • Балада жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы құжаттар.

4. Қамқоршылық және қорғаншылық органы баланы тәрбиелеуге қатысатын адамның тұрғын үй-тұрмыстық шарттарына тексеру жүргізеді, оның қорытындылары бойынша акт дайындалады.

5. Баланың өмір сүру шарттарын тексеру және тәрбиелеуге үміткер адамның өмір сүру шарттарын тексеру актілерінің негізінде қамқоршы/қорғаншы әкімдік шешімі бойынша өзінің мәртебесін алады, осының негізінде қамқоршы/қорғаншының куәлігі беріледі.

6. Сеніп тапсырылған баланы күту, тәрбиелеу, қамқоршылық және қорғаншылық. Баланың мүддесінде және т.б. қамқоршылық пен қорғаншылықта қажеттілік жоқ шарттар орын алғанға дейін мүлікті басқару. Қамқоршылық және қорғаншылық органына есептерді ұсыну.

Қамқоршы қамқоршылық және қорғаншылық органына  қамқорлығыңдағының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиесі бойынша жұмыс туралы, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша есептерді 6 айда бір реттен жиі емес ұсынуға міндетті. Есеп нысаны қандай екенін білу.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp