Дайын құжаттарды соңынан бере отырып, құжаттар пакетін қалыптастыру

17.11.2014

Қазіргі таңда ХҚКО дайын құжаттарды соңынан бере отырып, құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша  келесі қызметтерге ақылы қызметтер енгізілді: 

1. Екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын қозғалмалы мүлік кепілін тіркеу/өзгерту/тоқтату. 

2. Жеке және заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты анықтайтын құжаттар телнұсқасын беру. 

3. Екінші деңгейдегі банктер үшін жылжымайтын мүлік объектісі мен кепіл шартын тіркеу. 

4. Екінші деңгейдегі банктер үшін  кепілді тіркеу/өзгерту/тоқтату.  

5. Екінші деңгейдегі банктер үшін міндеттемелерді орындамау жөнінде хабарламаларды тіркеу.   

6. Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарын тіркеу (Павлодар қаласының МХҚКО). 

Банктер үшін артықшылықтар: 

- құжаттар пакетін қалыптастыруға уақытты үнемдеу;

- ХҚҚКО және басқа мемлекеттік орындарға бару қажеттілігінің болмауы (кем дегенде 3 рет); 

- бір орында дайын құжаттарды алу мен тапсыру мүмкіндігі; 

- әділет органдарынан тіркеуде бас тартудың жоқ болу кепілдігі мен сапалы кеңес беру; 

- осы тәрізді қызметтерді көрсетуде нарықтағы қол жетімді тарифі. 

Ақылы қызметті алу үшін кез келген жақында орналасқан ХҚКО  жүгіну қажет, клиенттің қызметті алу үшін келісімі кезінде  клиент ХҚКО қызметкеріне ХҚКО және басқа мемлекеттік органдарда оның мүддесін қорғау үшін нотариалды расталған сенімхатты береді. Одан кейін ХҚКО қызметкері құжаттар пакетін қалыптастырып, тіркеу үшін мемлекеттік органға тапсырады. Көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес, ХҚКО қызметкері дайын құжатты алып, клиентке береді.

Толық ақпаратты  8(718-34) 91858 телефоны бойынша  алуға болады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp