Успен ауданы Шарбақты ауданына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасын тапсырды

13.11.2014

2014 жылғы 13 қарашасында Щарбақты ауданының тұрғындары «Бірлік пен татулық жол картасы» республикалық мега – жобасы шеңберінде келген Успен ауданының делегациясы мен шығармашылық ұжымдарын қарсы алды.

2014 жылғы маусым айының аяғында Павлодар облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы облыстық Достық үйімен бірлесе «Бірлік пен татулық жол картасы» республикалық мега – жобасы басталуын хабарлады.

Біздің ауданымыздың ресми делегациясын аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпова бастады, ол аталған жобаның символикалық эстафетасы – кітапты Щарбақты ауданы әкімінің орынбасары Р.А. Негмановаға табыстады.

Қадірлі қонақтардың ішінде облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстың мәдени орталықтарының басшысы С.К. Жетпісбаева болды.

Концерттік бағдарламаға ауданның этно – мәдени бірлестіктері, аудандық мәдениет үйінің үздік ұжымдары, ауылдық округтардың өздігінен ұйымдасқан көркемөнер ұжымдары қатысты.

АМҮ «Гүлдер» би ұжымын, «Ремикс» триосы, мұсылман әйелдерінің лигасы ұжымын, «Молодость гор» би композициясын, Қапаева Зүлфия, Тауасқанов Медет, Оспанова Лейла сияқты солисттерді щербақтылықтар жылы қарсы алды. «Сябры» - белорусь, «Удмурточка» - удмур, «Селяне» - орыс, украин, кабардино-балкар және тағы басқа этно – мәдени бірлестіктері ұжымдары өте жақсы нөмірлермен шықты.

2  3  4

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp