«Электрондық үкімет» порталындағы мемлекеттік баж салықтары мен алымдардың онлайн-төлемі

12.11.2014

«Электрондық үкімет» (www.egov.kz) порталында қазіргі уақытта мемлекеттік алымның 21 түрі мен мемлекеттік баж салығының 17 онлайн-төлем түрі бар, бұл порталдың пайдаланушыларына сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлерін, мысалы, жеке куәліктерін/ төлқұжаттарын алу, мекенжай бойынша тіркеуге тұру, ХҚКО кассасына келіп қаражатты төлемей-ақ алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «электрондық үкімет» порталында тіркеліп, қажет мемлекеттік алым немесе баж салығын таңдап, «Онлайн төлеу» пердесіне басу қажет, бұдан кейін салық органы мен төлемнің тағайындалған кодын көрсету қажет, жеке кабинетте (Қызметтің төлем тарихы) төлем түбіртегімен танысып, талап ету жері бойынша ұсыну қажет. Төлем кезіндегі комиссия 100 теңгені құрайды.

Пайдаланушының ыңғайлығы үшін ол төмендегі ұсынылған жолдар бойынша төлем жасай алады:

- Барлық банктердің VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus төлем карточкаларының көмегі арқылы, American Express тек «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін, Altyn тек «Қазақстанның Халық банкі»  АҚ клиенттері үшін.

- Банктердің есеп-кассалық бөлімшелерінде төлеу және «Еуразиялық Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ интернет –банкингтерінде.

- «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке шоты көмегімен төлеу. Бұл үшін  электрондық сандық қолдың (ЭСҚ) және жеке шот нөмірінің болуы қажет.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp