Успен ауданы Качир ауданынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасын қабылдады

07.11.2014

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега-жобасы шеңберінде 2014 жылғы 7 қараша күні Качир ауданының көркем өнерпаздық қатысушылары Успен ауданына келіп кетті. Мерекелік концертті Павлодар облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпысбаев жылы құттықтау сөздерімен ашты.

«2015 жыл біздің Президентімізбен Қазақстан халқ Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Бұл біз үшін екі есе жауапты, себебі бұл біздің, Павлодар облысы Ассамблеясының пайда болғанының 20 жылдығы. Әрине, өткізілетін негізгі сәттерден басқа, бұл – салтанатты және басқа да іс-шаралар. Ерекше көңіл бөлетіні, жыл бойы біз біздің аймағымыздың тұрғындарының назарына Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін, достығы мен бірлігін нығайтудағы біздің Қазақстан халық Ассамблеясының жұмылдырушы, шоғырландырушы рөлін жеткізу қажет» деп, атап өтті Сейсембай Жетпысбаев.

Качир ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Белялова эстафетаны Успен ауданының әкімі Б. Демеуовке тапсырды, Успен ауданы эстафетаны қабылдап, оны Шарбақты ауданына тапсыру керек.

«Бейбітшлік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы» - бұл Қазақстанда әртүрлі халықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, өз салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін дамытып жатқанын көрсету ғана емес, сонымен бірге, тәжірибе алмасу» деп, атап өтті өз құттықтауында Б. Демеуов.

Качир ауданының шығармашылық ұжымдары жарқын, көркем бағдарламаны ұсынды. Успендіктер қазақ халық әндерін орындаған «Ақбаян» вокалдық ұжымы мен «Жігіттер» тобын жылы қарсы алды. «Прялица» фольклорлық ұжымы орыс халық әндерін орындады, белорус, украин әндері шырқалды.

Көрермендерге ингуш, татар, тәжік әуендер мен әсерлі билер ұнады.

Көрермендердің барлығы бірге қол шапалақтады. Біз бір-бірімізге қызықпыз. Және фестиваль сияқты осындай шараларда кездесіп, бұдан да жақынырақ боламыз. Әсіресе, басқа ұлттардың қызығушылықтарын тереңірек ұғына отырып, біз қымбаттырақ және жақынырақ боламыз.

2  3  4  5  6

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp