Успен ауданында 2020 жылдың 7 тамыздағы жағдай бойынша дәрілік заттардың болуы туралы АҚПАРАТ

07.08.2020

Успен ауданында

2020 жылдың 7 тамыздағы жағдай бойынша

дәрілік заттардың болуы туралы

АҚПАРАТ

Успен ауданының дәріханаларында бүгінде дене қызуын түсіретін дәрілер, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер жеткілікті мөлшерде бар.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Успен ауылындағы дәріханаларда дене қызуын түсіретін дәрілердің шамамен 3008 қорабы мен қаптамасы бар: «Парацетамол» 345 қаптама, бағасы 85-120 теңгеден, «Ацетилсалицил қышқылы» – 801 қаптама бағасы 60-100 теңгеден, «Антигриппин» – 220 қаптама 260-350 теңгеден, «Ибупрофен» 450 пластинкасы – 100 теңгеден, «Новиган» 30 қаптама – 580 теңгеден, «Миг» 10 қаптама 1700 теңгеден. Сонымен қатар, «Немисил» 1 данаға 135 теңгеден 150 қалташа, «Терафлю» 190-200 теңгеден 380 қалташа, «Тайлол» 170-240 теңгеден 550 қалташа, «Панадол» шәрбаты 16 құты, бағасы – 1600 теңге.

Вирусқа қарсы препараттардың қоры шамамен 135 қаптама. Вирустық инфекцияны емдеу және алдын алу үшін «Анаферон» 20 қаптама 1750-2340 теңгеден, «Эргоферон» 15 қаптама 2160 теңгеден, «Тамифлю» 11 қаптамасын 9000-10000 теңгеден, «Гроприносин» 7 қаптама 5800 теңгеден сатып алуға болады, «Ремантадин» 65 қаптама 700-780 теңгеден, «Арпефлю» 10 қаптама 2700 теңгеден, «Ингавирин» 12 қаптама 5640 теңгеден.

Антибиотиктермен қамтамасыз ету шамамен 2540 қаптама мен ампуладан тұрады. Бұл – 1100 теңгеден «Азитромицин», 400 теңгеден «Мегасеф» инъекциялары, 2600-4200 теңгеден «Ровамицин», 1150 теңгеден «Ципролет», 1590 теңгеден «Оспамокс», 4400 теңгеден «Трефикс». «Ампициллин» 180 теңгеден 110 ампула сатылады. «Цефазолин» 1 – ампуласы 200-300 теңгеден 830 ампула және «Цефтриаксон» 1 – ампуласы 150-260 теңгеден 1240 ампула сатылымда бар. Антибиотиктерді тек дәрігерің тағайындаумен ғана алуға болады.

Сондай-ақ, аскорбин қышқылы (С дәрумені) 200-290 теңгеден 280 құты, глюкозасы бар аскорбин қышқылы 70 теңгеден 180 пластинка, «Ревит» витаминінің 110 құтысы 280 теңгеден сатылады «Ундевит» витаминінің 90 құтысы 210 теңгеден сатылады.

Дәрілік заттар күн сайын жеткізіледі. Бір аптаның ішінде фармацевтикалық компаниялар дәріханаларға қосымша антибиотиктер, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттарды жеткізуге уәде береді.

Дәріханаларда бағаларды көтермелеу фактілері анықталған жоқ. Медициналық заттардың бөлшек сату бағасын көтеру туралы мәселелер үшін 91333 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp