Успен ауданында 2020 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрілік заттардың болуы туралы АҚПАРАТ

31.07.2020

Успен ауданында

2020 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша

дәрілік заттардың болуы туралы

АҚПАРАТ

 

Успен ауданының дәріханаларында бүгінде дене қызуын түсіретін дәрілер, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер жеткілікті мөлшерде бар.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Успен ауылындағы дәріханаларда дене қызуын түсіретін дәрілердің шамамен 3185 қорабы мен қаптамасы бар: «Парацетамол» 484 қаптама, бағасы 85-120 теңгеден, «Ацетилсалицил қышқылы» - 990 қаптама бағасы 60-100 теңгеден, «Антигриппин» - 190 қаптама 260 теңгеден, «Ибупрофен» 500 пластинкасы - 100 теңгеден, «Новиган» 20 қаптама - 580 теңгеден, «Миг» 4 қаптама 1700 теңгеден. Сонымен қатар, «Немисил» 1 данаға 135 теңгеден 150 қалташа, «Терафлю» 190-200 теңгеден 260 қалташа, «Тайлол» 170-240 теңгеден 550 қалташа, «Панадол» шәрбаты 12 құты, бағасы - 1600 теңге.

Вирусқа қарсы препараттардың қоры шамамен 86 қаптама. Вирустық инфекцияны емдеу және алдын алу үшін «Анаферон» 13 қаптама 1750-2340 теңгеден, «Эргофферон» 10 қаптама 2160 теңгеден, «Тамифлю» 5 қаптамасын 9000-10000 теңгеден, «Гроприносин» 10 қаптама 5800 теңгеден, «Ремантадин» 48 қаптама 780 теңгеден сатып алуға болады.

Антибиотиктермен қамтамасыз ету шамамен 2642 қаптама мен ампуладан тұрады. Бұл - 1100 теңгеден «Азитромицин», 400 теңгеден «Мегасеф» инъекциялары, 2600-4200 теңгеден «Ровамицин», 1150 теңгеден «Ципролет», 1590 теңгеден «Оспамокс», 4400 теңгеден «Трефикс». «Ампициллин» 180 теңгеден 110 ампула сатылады. «Ампициллин» антибиотигі 1 - ампуласы 180 теңгеден 110 ампула, «Цефазолин» 1 - ампуласы 200-300 теңгеден 800 ампула және «Цефтриаксон» 1 - ампуласы 150-260 теңгеден 1380 ампула сатылымда бар. Антибиотиктерді тек дәрігерің тағайындаумен ғана алуға болады.

Сондай-ақ, аскорбин қышқылы (С дәрумені) 290 теңгеден 60 құты, глюкозасы бар аскорбин қышқылы 70 теңгеден 120 пластинка, «Ундевит» витаминінің 100 құтысы 280 теңгеден, «Ревит» витаминінің 120 құтысы 210 теңгеден сатылады.

Дәрілік заттар күн сайын жеткізіледі. Бір аптаның ішінде фармацевтикалық компаниялар дәріханаларға қосымша антибиотиктер, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттарды жеткізуге уәде береді.

Дәріханаларда бағаларды көтермелеу фактілері анықталған жоқ. Медициналық заттардың бөлшек сату бағасын көтеру туралы мәселелер үшін 91333 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp