Жазды құқық бұзушылықсыз өткізейік

30.07.2020

Жазды құқық бұзушылықсыз өткізейік

Балалардың сүйікті уақыты – жазғы демалыс кезі. Ересектердің негізгі міндеті – карантин кезеңінің қиындықтарына қарамастан, балаларды жұмыспен және демалыспен, бос уақыттарын қызықты өткізумен, қарым-қатынас қуанышымен, сонымен қатар қауіпсіз қоршаған ортамен қамтамасыз ету. Бұл балалар мен жасөспірімдер мәселесімен айналысатын қызметтер мен ата-аналарға бірдей қатысты.

А.ж. 29 шілдесінде онлайн режимінде өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы осы тақырыпқа арналды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, балалардың қараусыздығы мен панасыздығының, балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың алдын алудың 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселесі талқыланды. (Жиренова А.К. – білім бөлімінің басшысы, Кабдыкарим Д.Г. – ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, Горбатюк Е.В. – «Балдырған» БЭО директоры, Фергалюк Е.Л. – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Аубакирова Г.С. – Успен АТК басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары); Қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды және кәмелетке толмағандарды анықтау жөніндегі іс-шаралар туралы. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету. (Баймулдинов Б.К. – Лозов ауылдық округінің әкімі, Жуматанова А.Е. – Ольгин ауылдық округінің әкімі). Кәмелетке толмағандар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жұмыстардың жай-күйі туралы (Кабдыкарим Д.Г. – ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы).

Комиссия төрағасы Жүніспаева С.О. келесі тапсырмалар берді: ойын алаңын қоршау мәселесін шешу (Успен ауылы, Гагарин көшесі), мектеп мұғалімдерін бірлескен рейдтік шараларға тарту; ауылдық округтерде көпбалалы, мұқтаж және жағдайы төмен отбасыларды ерекше бақылауда ұстау; отбасыларға нақты әлеуметтік көмек уақтылы көрсету және т.б.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp