Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің және Қоңырөзек ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарландыру

16.07.2020

2020 жылғы 15 шілдеде Қозыкеткен ауылдық округінің және Қоңырөзек ауылдық округінің әкімдерін сайлау өтті. Дауыс берудің нәтижелері туралы хаттаманың негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі қорытындыларды белгіледі:

Сайлаушылардың жалпы саны – 9. Дауыс беруге қатысқандары – 8. Дауыс берудің қорытындылары бойынша Қозыкеткен ауылдық округінің әкіміне кандидаттар келесі дауыс санын жинады: Ибрагимов С.А. – 0, Курманбаев А.Н. – 8, Мадениетов Е.Б. – 0. Қоңырөзек ауылдық округінің әкіміне кандидаттар келесі дауыс санын жинады: Жумадиров Н.К. – 0, Калыков С.А. – 8, Мукушев С.С. – 0. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – жоқ.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабының 11-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:

Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді:

Курманбаев Адиль Назымбекович – 1984 жылы туған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Константинов ауылының тұрғыны, қазақ.

Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді:

Калыков Сеильхан Аментаевич – 1987 жылы туған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Успен ауылының тұрғыны, қазақ.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp