Павлодар облысы Успен ауданы Қоңырөзек ауылдық округінің әкіміне кандидат Сеильхан Аментаевич Калыковтың САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

07.07.2020

Кандидаттың өмірбаяны

Павлодар облысы Успен ауданының Екатеринославка ауылында1987 жылығы 2 желтоқсанда туған. Білімі – жоғары, 2013 жылы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

2009 жылдың тамызынан 2010 жылдың мамырына дейін Успен ауданының «№ 25 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 2010 жылғы мамырдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етті. 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Успен ауданының «№23 кәсіптік лицей» КММ-де арнайы пәндер оқытушысы, 2012 жылдың қыркүйегі мен 2013 жылдың тамызы аралығында өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 2014 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың тамызына дейін «Успен аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК басшының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы қыркүйекке дейін «Успен аграрлық - техникалық колледжі» КМҚК басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.

Жалпы жұмыс өтілі: 10 жыл 9 ай.

Үйленген, екі баласы бар.

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қоңырөзек ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде Успен ауылдық округінің елді мекендеріндегі жұмыстың басым бағыттары әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу деп есептеймін. Қызметімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, есеп беру және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алуға ниеттемін. Менің сайлау алдындағы бағдарламам Қоңырөзек ауылдық округінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған:

– мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану, бюджеттік бағдарламаларды уақтылы және толық іске асыруды қамтамасыз ету;

– жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, жұртшылықпен белсенді қарым-қатынас жасау;

– өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

– көріктендіру, қоқысты шығару, көгалдандыру, санитарлық тазалау, жерлеу орындарын ұстау, көшені жарықтандыру, сумен жабдықтау, ауыл ішіндегі автокөлік жолдарды ұстау  бойынша жұмысты күшейту;

– жастар бастамаларын, бұқаралық спортты, мәдени демалысты дамытуға жәрдемдесу;

– жергілікті атқарушы органдармен, өкілді органдармен, аумақтық қызметтермен және өзге де аумақтық құрылымдармен өзара әрекет жасау;

– орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарды құру үшін жағдай жасау;

– ауылдық округ ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ауылдық округте өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға және іске асыруға жәрдемдесу.

Осы міндеттерді іске асыруы Успен ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық дамуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал етеді.

Ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді жұмсауға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің тапсырмаларын орындауға, Қоңырөзек ауылдық округі аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметінде жұмыс істеген кезеңінде жинақталған білімді мен дағдыларды қолдануға ниеттемін.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp