Қозыкеткен ауылдық округі әкіміне кандидат Адиль Назымбекович Курманбаевтың САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

07.07.2020

Кандидат өмірбаяны

1984 жылғы 09 қыркүйекте Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылында туған. 2002 жылы Константинов жалпы орта білім беру мектебін бітірген соң, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтына оқуға түсті. 2006 жылы институтты аяқтап, құқықтану бакалавры мамандығына иеленді.

Еңбек жолын 2006 – 2010 жылдар аралығында ҚР ҚК қатарындағы қызметінен бастады. 2010 – 2014 жылдар аралығында «Алға» ФШ. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Равнополь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, екі баласын тәрбиелеуде.

Қозыкеткен ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде шығуға шешім қабылдай отыра, бұл қызметте өзімнің еңбек жолымда жинаған білім-біліктерімді қолдануға міндеттенемін. Әкім алдында тұрған негізгі міндет ретінде ауыл тұрғыны өмірінің деңгейін арттыру деп ойлаймын, ол  - жақсы жол, ауылды абаттандыру, сапалы байланыс, таза ауыз су, электрэнергиясын үздіксіз беру, қолайлы эпизоотиялық жағдай, лайықты медициналық қызмет көрсету, сапалы білім беру, спорт және мәдениеттің дамуы үшін жағдай жасау, ауылшаруашылық тауар өндірісі мен бизнесті дамыту.

Сайлауалды бағдарламам келесідей мәселелерден құралады:

- Қозыкеткен және Ковалевка ауылдарының санитарлық тазаруын, абаттандырылуы мен жасылдандырылуын, ауылішілік автомобиль жолдарының уақтылы әрі сапалы жөнделуін, оларды тиісті күйде ұсталуын, ауыл көшелерінің жарықтану торабымен қамтылуын кеңейту бойынша жұмыстардың жалғастырылуын қамтамасыз ету;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді және сапалы қызмет етуі, тұрғындарды ауылдық округтің анағұрлым маңызды мәслелерін, оның ішінде жергілікті қауымдастықтың қаражат құралдарын жұмсау басымдығы туралы мәселелерді анықтауға және оларды шешуге қатыстыру;

- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайлар жасау, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі мен кірісінің өсуін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал ету;

- жұмысқа орналасу деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуға және қайта оқуға, қоғамдық жұмыс орындарына және жастар практикасына жолдау;

- аудандық мәслихат депутаттарымен ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму, халық өмірінің сапасын жақсарту мәселелерін шешуде өзара қызметтесуді қамтамасыз ету;

- құқық қорғау органдарымен қоғамдық тыныштық пен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың жеке мүліктерін сақтау және ұрлануына жол бермеу бойынша өзара қызмет ету, ардагерлер кеңесімен жөнге салынған жұмыс жүргізу, мектеп жанындағы ата-аналар комитетімен байланыста болу.

Бағдарламамның барлық тармақтары жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес.

Қойылған мақсаттарға жету үшін атқарушы органдардың, сол сияқты ауылдық округ тұрғындарының да бірігуі қажет. Бұл біздің ауылымыз, бұл біздің үйіміз, бұл біздің шағын Отанымыз!

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp