АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)

13.06.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ХАБАРЛАМА)

2020 жылдың 05 тамызында сағат 09.00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурстың қорытындысын шығару бойынша жер комиссиясының отырысы өткізіледі. Конкурс Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Ленин көшесі, 71, акт залы мекенжайы бойынша өтеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі және оларға құқықтары

 жер

уч- нің, лоттың №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (бонитет балы, жалпы ауданы, алқаптардың құрамы)

Жалдау мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

1

Бонитет балы 14,5.  Қоңыр топырақ.

Жалпы алаңы 2100,5 га, соның ішінде  305,0 га түбегейлі жақсартылған жайылымдар, 1551,5 га табиғи жайылымдар, 244,0 га басқа жерлер

10 жыл

Успен ауылдық округі (бұрынғы. Ленин атындағы ұжымшарының жерлері, аттамалы арқылы телім, №№ 81(1), 86, 87 алқаптар, осы алқаптарға іргелес табиғи жайылымдар)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

2

Бонитет балы 14,4. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 253,4 га, соның ішінде 253 га суарылмайтын егістік, 0,4 га басқа жерлер

10 жыл

Лозов ауылдық округі (бұрынғы «.40 лет Октября» ұжымшарының жерлері, № 22 алқап)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

3

Бонитет балы 21,0. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 56,1 га, одан 56,0 га суарылмайтын егістік, 0,1 басқа жерлер

10 жыл

Қоңырөзек ауылдық округі (бұрынғы Куйбышев атындағы ұжымшарының жерлері, № 6 алқаптың бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

4

Бонитет балы 13,9. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 146,2 га, одан 146,0 га суарылмайтын егістік, 0,2 га басқа жерлер

10 жыл

Қозыкеткен ауылдық округі (бұрынғы «Путь Ильича» ұжымшарының жерлері , № 13 алқаптың батыс бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы , мал шаруашылығы

5

Бонитет балы 14,6. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 259,4 га, одан 258,0 га суарылмайтын егістік, 1,4 га басқа жерлер

10 жыл

Қозыкеткен ауылдық округі (бұрынғы «Путь Ильича» ұжымшарының жерлері , № 64 алқаптың бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

6

Бонитет балы 15,7. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 188,3 га, одан 188,0 га суарылмайтын егістік, 0,3 га басқа жерлер

10 жыл

Қозыкеткен ауылдық округі (бұрынғы «Путь Ильича» ұжымшарының жерлері , № 65 алқаптың шығыс бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

7

Бонитет балы 14,6. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 203,7 га, соның ішінде 203,5 га суарылмайтын егістік, 0,2 га басқа жерлер

10 жыл

Қозыкеткен ауылдық округі (бұрынғы «Путь Ильича» ұжымшарының жерлері , № 64 алқаптың батыс бөлігі)

Өсімдік шаруашылығы,  мал шаруашылығы

8

Бонитет балы 18,3. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 259,7 га, одан 259,2 га суарылмайтын егістік, 0,5 га басқа жерлер

10 жыл

Қаратай ауылы (бұрынғы «Маяк» ұжымшарының жерлері), аттамалы арқылы телім, № 45алқап)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

9

Бонитет балы 14,1. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 231,2 га, одан 230,0 га табиғи жайылымдар, 1,2 га басқа жерлері

10 жыл

Қоңырөзек ауылдық округі( бұрынғы Урицкий атындағы ұжымшарының жерлері, О – 10 табиғи жайылымдарының учаскесі)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

10

Бонитет балы 14,1. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы 121,0 га, одан 120,4 га табиғи жайылымдар, 0,6 га басқа жерлер

10 жыл

Қоңырөзек ауылдық округі( бұрынғы Урицкий атындағы ұжымшарының жерлері, О – 13 табиғи жайылымдарының учаскесі)

Өсімдік шаруашылығы,  мал шаруашылығы

11

Бонитет балы 11,1. Қоңыр топырақ.Жалпы алаңы  223,0 га, соның ішінде 221,1 га суарылмайтын егістік, 1,9 га басқа жерлер

10 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 летия Казахской ССР ұжымшарының жерлері, фрегаттар №№ 73, 74)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

12

Бонитет балы 14,0. Қара қоңыр топырақ.

Жалпы алаңы  331,0 га, соның ішінде 326,3 га суарылмайтын егістік, 4,7 га басқа жерлер

10 жыл

Равнополь ауылдық округі (бұрынғы 30 летия Казахской ССР  ұжымшарының жерлері, № II алқап)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

13

Бонитет балы 23,0. Қара қоңыр топырақ.

Жалпы алаңы 114,6, га, в том числе 114,0 га суарылмайтын егістік, 0,6 га басқа жерлер

10 жыл

Лозов ауылдық округі (бұрынғы «СОКП XXI съезді» ұжымшарының жерлері, №№ 1, 3,алқаптар нөмер 10 егіс айналымы)

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа (Бұдан әрі - Конкурс) қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу осы Ақпараттық хабарлама (хабарлама) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін басталады және өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтінімдер 2020 жылдың 14 шілдеден бастап 2020 жылдың 04 тамыз айы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште (Бұдан әрі - Өтінім)

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін, тіркеу нөмірін міндетті түрде бере отырып және өтініш берушіге хабарлама бере отырып, қолма-қол не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар қатысуға құқылы емес.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген Конкурсқа қатысуға Өтінім электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ауданның жергілікті атқарушы органына түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс ауданның жергілікті атқарушы органына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының жеке тұлғасының немесе мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсынуы мүмкін. Күтіп-ұстау талаптарына сәйкес келмейтін Конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға тиіс.   

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушы грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірме, өшірулер немесе қосымша жазбалар болмауы тиіс.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер ол өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін алынған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау бойынша міндеттемелер, фитосанитариялық және карантиндік талаптар.     

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, нөмірленген беттерімен тігілген түрде басылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылған, соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) расталады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2020 жылғы 04 тамыз сағат 09.00-ға дейін ашпаңыз» деген жазу көрсетіледі.

Келесі күні Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін жер комиссиясы келіп түскен жабық конверттерді (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) ашу жолымен конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына қол қою үшін ауданның уәкілетті органына келуге міндетті.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу және өтінімдерді қабылдау Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30 мекенжайы бойынша жүргізіледі. Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.    Тел. 8-718-34-91730.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp