Аудандық комиссияның Новопокров ауылындағы көшпелі отырысының қорытындысы

08.06.2020

Аудандық комиссияның Новопокров ауылындағы көшпелі отырысының қорытындысы

А.ж. 5 маусымында Галицк ауылында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өткізілді. Комиссия жұмысына би - В Сулейманов Г.К. қатысты. Аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваның жетекшілігімен төмендегі өзекті мәселелер талқыланды: Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты жанындағы қолайсыз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық комиссияның профилактикалық қызметі туралы. (Симоненко В.Н.); Оқу жылының қорытындысы бойынша, Галицк ЖОМ және Новопокров ОМ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспекторлардың қызметі туралы (Шахметов М.Х., Марцаликов М.А.); «Тәуекел тобындағы» оқушыларды, өгей ата-анасымен тұратын проблемалы отбасылардың балаларына психологиялық қолдау көрсету туралы (Скрипник А.Е.); Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын сақтау және қорғау туралы (Жиренова А.К.).

Мүдделі құрылымдарға тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге, комиссия мүшелері Галицк және Новопокров ауылдарындағы полиция бөлімінде тіркелген және т.б. қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға барды.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp