ЖОБА Успен аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Павлодар облысы Успен ауданының мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі «Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» № 225/48 шешім

29.05.2020

ЖОБА

 

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(________ сайланған _____ сессиясы)

 

Успен селосы                                                                  №_____                                                              2020 жылғы

 

Павлодар облысы Успен ауданының мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі «Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» № 225/48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

             Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

             1. Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі «Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» № 225/48 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

             Успен ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарда 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын.

             «Топырақ жамылғысы оңтүстік қара топырақ аймағымен және күңгірт-құба топырақты құрғақ дала аймағымен ұсынылған. Топырақ негізінен кешендер, үйлесімдер мен дақтылықтар түрінде жатыр, оларда гумус құрамы төмен, фосфор мен азоттың жылжымалы нысандарымен әлсіз қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген.

             20 тұқымдастыққа және 70 түрге жататын кең таралған гүлді өсімдіктердің шамамен 90 түрі бар. Кеңінен үш тұқымдастық: дәнді, күрделігүлділер, алаботалар, сондай-ақ бетеге, көде, жіңішке дұғаш, әр түрлі жусанның түрлері таралған.

             Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнерді құрайды.

             Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.»

             2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

             3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

             Сессия төрағасы                                                                              

             Аудандық

             мәслихат хатшысы                                                                         

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp