ЖОБА Успен аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

25.05.2020

ЖОБА

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(________ сайланған _____ сессиясы)

 

Успен селосы                                                                    №_____                                                                                              2020 жылғы

 

Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер  туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізіндежер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шешіміне

1- қосымша

 

Успен ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

 

 

                            Шартты белгілер:

 

 

елді мекеннің жерлері

 

 

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

(жайылымдар, шабындықтар, егістік)

 

 

ерекше қорғалатын табиғиаумағының жерлері

 

Шешіміне

2- қосымша

 

Успен ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру

 

Жерлердің орналасу аймақтары

Арттыру пайызы

Успен ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Лозов ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Қоңырөзек ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Қозыкеткен ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Ольгин ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Равнополь ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

Новопокров ауылдық округі

1

+50%

2

+40%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp