АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

04.05.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Павлодар облысы «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ 2020 жылғы 28 мамырда

(Нұр-Сұлтан уақыты) бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz  Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен бастапқы бағаның ең төменгі бағаны белгілемей  аукционға мыналар қойылады:

1. ЗИЛ Ммз 554 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 196 АО 14, 1988 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 401 000 теңге. Кепілдік жарна – 60 150 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Успен Ауыз-су» КМК;

Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен бастапқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төменгі баға белгілене отырып аукционға мыналар қойылады:

1. 1985 жылы салынған, жалпы көлемі 1195,6 ш.м., мәдениет үйінің ғимараты, кадастрлық нөмірі: 14-212-086-186-1/А, мекенжайы: Успен ауданы, Равнополь ауылы, Ленин көшесі, № 117. Бастапқы бағасы – 10 994 000 теңге. Кепілдік жарна – 1 649 100 теңге. Ең төмеңгі баға – 5 497 000 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Сауық-орталығы» КМҚК;

2. 1980 жылы салынған, жалпы көлемі 1448,5 ш.м., құрылысы аяқталмаған мәдениет үйінің ғимараты кадастрлық нөмірі: 14-212-059-131-1/А, мекенжайы: Успен ауданы, Қозыкеткен ауылы, Победы көшесі, № 26. Бастапқы бағасы – 7 126 000 теңге. Кепілдік жарна – 1 068 900 теңге. Ең төмеңгі баға – 3 563 000 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Сауық-орталығы» КМҚК.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді:

Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455;

Есеп жасау шоты: (IBAN/ИИК)  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; KZ946017111000000330; БСН: HSBKKZKX; КНП: 171, КБЕ: 16;

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

            Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:

1)                 егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер)  осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;     

 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

 Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда бұл объектіні сату бойынша аукцион өткізілмеген болып табылады.

Әрбір сатылған объекті бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтында немесе мына телефондар арқылы алуға болады: 8(71834) 91641,91839

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp