Жалпыға ортақ карантин жағдайында емханалар қалай жұмыс істейді

22.04.2020

Жалпыға ортақ карантин жағдайында емханалар қалай жұмыс істейді

 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының атына 1406 бірыңғай байланыс орталығы арқылы, әлеуметтік желілерде алғашқы медициналық көмек ұйымдарында, яғни өңірдің емханаларында жоспарлы және шұғыл көмек көрсету бойынша халықтан көптеген сұрақтар келіп түседі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Терапевт қабылдауы, тар бейінді мамандардың консультациялары, диагностикалық қызметтер алдын ала жазылу бойынша бұрынғысынша қолжетімді болып қала береді. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді, балалар мен кідіріссіз медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді жазусыз қабылдайды.

"Ешкім емханалардың жабылғанын және кепілді медициналық көмектің, әсіресе шұғыл көмектің, көрсетпеу екендігін білдірмейді. Бірақ, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда, қажеттілік және көрсеткіштер болмаса мүмкіндігінше емханаға бармауға  тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, өзінің учаскелік дәрігеріне қоңырау шалып, мәселені қашықтықтан шешу керек", - деп атап өтті медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Н. Қ. Қасымов.

Мысалы, "Дисконт" ӨК директоры Г. О. Әміркеновтің айтуынша, емхана «лас» және «таза» екі аймаққа бөлінген. Ғимаратқа кіру және шығу жолдарында екі ауысымда жұмыс істейтін шлюздер ұйымдастырылған, онда байланыссыз термометрия жүргізіледі. Ол үшін инвестор қаражаты есебінен заманауи тепловизорлар, жеке қорғаныс құралдары және санитайзерлер сатып алынды. Жеке кіретін есігі бар сүзгі-кабинеттің жұмысы ұйымдастырылған, ал емхана қызметкерлері үшін – жеке кіру және шығу.

Карантин медициналық көмек көрсету бойынша емхана жұмысына да өз түзетулерін енгізді. Күн сайынғы мониторинг деректері бойынша тіркелген халықтың саны 48 мыңнан астам адам болған жағдайда келушілер саны шамамен 10 есеге төмендеді және күніне шамамен 120 келуді құрады. Бұл қашықтықтан жұмыс режиміне көшудің нәтижесі болып табылады. Диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайын сұрастыру үйге бару арқылы жүргізіледі. 3115 науқас телефонға хабарласқан уақытта үйге жеткізілетін дәрі-дәрмектерді тегін алады.

Сондай – ақ дәрігерлерді үйге шақыру саны 3 есеге - күніне 20-ға дейін төмендеді. Шақыру түскен кезде телефон арқылы науқастың белгілері анықталады, коронавирустық инфекцияға күдікті жағдайда – шақыру 103 станциясына беріледі.

Келушілер мен шақырулардың жалпы төмендеуі кезінде КВИға байланысты үй карантиніндегі қауіп-қатер тобындағы пациенттер активтерінің саны артты. Актив арқылы 459 пациент өтті, қазір 112 адамға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Мониторингке екі дәрігер бригадасы қатысады, олардың құрамына психолог мамандары кіреді. Күнделікті қоңырау шалу жүргізіледі, науқасты қашықтықтан бақылау күнделігі жүргізіледі.

"Әрбір емхана өзіне бекітілген халыққа дәрігерлердің жұмыс кестесін және байланыс арналары көрсетілген медициналық ұйымға бару тәртібін жеткізуі тиіс. Емханаларға жоспарлы баруды қоса алғанда үйден тыс қарым - қатынасты шектеу туралы, алдын алу шараларын, жеке гигиенаны міндетті түрде сақтау керектігін еске салғымыз келеді", - деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының филиалында.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp