АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

30.12.2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


Павлодар облысы «Успен ауданының қаржы бөлімі» ММ 2020 жылғы 24 қаңтарда (Астана уақыты) бойынша сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz  Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен аукционға мыналар қойылады:

1. УАЗ 22069-33 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 454 АК 14, 2003 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Ольгин ауылы. Бастапқы бағасы – 139 000 теңге. Кепілдік жарна – 20 850 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданының «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ;

2. ГАЗ 2410 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 953 ВС 14, 1991 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Константинов ауылы. Бастапқы бағасы – 66 000 теңге. Кепілдік жарна – 9 900 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ;

3. ВАЗ 21070 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 315 АА 14, 2006 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Константинов ауылы. Бастапқы бағасы – 231 000 теңге. Кепілдік жарна – 34 650 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ;

4. ВАЗ 21070 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі S 060 ВS, 2002 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 213 000 теңге. Кепілдік жарна – 31 950 теңге. Баланс ұстаушы: «Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;

5. ГАЗ 31105-120 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 582 АS 14, 2004 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 490 000 теңге. Кепілдік жарна – 73 500 теңге. Баланс ұстаушы: «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ;

6. ГАЗ 31029 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 738 ВС 14, 2004 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 119 000 теңге. Кепілдік жарна – 17 850 теңге. Баланс ұстаушы: «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ;

7. ВАЗ 2106 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 094 KF 14, 2004 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 180 000 теңге. Кепілдік жарна – 27 000 теңге. Баланс ұстаушы: «Успен ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ;

8. КАМАЗ - 55102 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 158 АО 14, 1990 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 384 000 теңге. Кепілдік жарна – 57 600 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Успен Ауыз-су» КМК;

9. ЗИЛ Ммз 554 маркалы автокөлік, мемлекеттік тіркеу нөмірі 196 АО 14, 1988 жылы шығарылған, мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы. Бастапқы бағасы – 401 000 теңге. Кепілдік жарна – 60 150 теңге. Баланс ұстаушы: Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Успен Ауыз-су» КМК;

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді:

Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455;

Есеп жасау шоты: (IBAN/ИИК)  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; KZ946017111000000330; БСН: HSBKKZKX; КНП: 171, КБЕ: 16;

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда бекітіледі және сауда өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде сатушы және сатып алушымен ЭЦҚ пайдалануымен қол қойылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтында немесе мына телефондар арқылы алуға болады: 8(71834) 91641,91839

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp