«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі бойынша ҰСЫНЫМДАР

27.03.2020

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2020 жылғы «22» наурыздағы № 62-НҚ және Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы «22» наурыздағы № 184

бірлескен бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2020 жылғы «17» наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы «18» наурыздағы № 169

бірлескен бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің

жұмыс істеуі бойынша

ҰСЫНЫМДАР

 

 

Осы ұсынымдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында әзірленген және сауда объектілерінің жұмыс уақытына шектеулерді көздейді. Бұл ұсынымдар Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

 

1. Жұмыс істеуін шектейтін сауда объектілері

1.1. Сауда алаңы кемінде 2000 мың шаршы метр болатын  ірі сауда объектілері (сауда-ойын-сауық орталықтарыны, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектейді және санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді.

Олардың ішінде орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер мынадай талаптарды сақтай отырып қалыпты қарапайым режимде жұмыс істейді:

1)                жұмыс істеу кезінде персоналдың бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету (маскалар 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырылады);

2) сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру;

3) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатыларды, есіктерді, лифтілерді және едендерді, келушілердің қолымен жанасатын басқа да беткейлерді әрбір 3 сағат сайын өңдеу;

4) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: дәретханаларды әрбір сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізу;

5) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар  персоналдың жұмыс істеуіне жол берілмеу;

6) келушілерге коронавирустың  профилактикасы бойынша жаднама тарату;

7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

8) объектілерді жүйелі түрде желдетуді жүргізу, сору-тарату  қондырғысымен дезинфекциялау, сырттан ауа кіргізу арқылы үй-жайларды желдету және сүзгілеу;

9) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып
5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

10) жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін сауда объектілерінде жауапты қызметкерлерді бекіту;

11) жинау жүргізу жөніндегі персоналға бір рет қолданылатын қолғаптар, маскалар беруді және оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету;

12) объектіге іргелес аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.

1.2. Азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден
17:00-ге дейін шектеледі және санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді:

1)        жұмыс істеу кезінде персоналдың бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету (маскалар 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырылады);

2) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатыларды, есіктерді, лифтілерді әрбір бір сағат сайын және едендерді әрбір 3 сағат сайын өңдеу;

 3) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: дәретханаларды әрбір сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізу;

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

5) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар  персоналдың жұмыс істеуіне жол берілмеу;

6) барлық беткейлерді дезинфекциялау үшін мүмкіндгінше клиринг қызметкерлерінің қосымша штатын жалдау.

1.3. Сауда объектілерінің аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінде (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, аспаздар және т.б.) санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда:

1) өзінің жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тауарды тұтынушыға дейін (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру;

2)                 жұмыс істеу кезінде персоналдың бір рет қолданылатын қолғаптарды және маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету (маскалар 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырылады);

3) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар  персоналдың жұмыс істеуіне жол берілмеу;

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

5) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатыларды, есіктерді, лифтілерді және едендерді, келушілердің қолымен жанасатын басқа да беткейлерді әрбір 3 сағат сайын өңдеу;

6) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: дәретханаларды әрбір сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізу;

            7) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізу, есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қоятын жерлерін), түскі ас залына (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналары, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы ерекше назар аудару.

1.4. Сауда объектілердің аумағынан тыс орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері (дәмхана, мейрамханалар, барлар, асханалар және т.б.):

1) жұмыс істеу уақытын сағат 22.00-ге дейін шектейді;

2) келушілердің санын бір уақытта 50 адамнан аспайтындай етіп шектейді;

3) жұмыс істеу кезінде персоналдың бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануын қамтамасыз етсін  (маскалар 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырылады);

4) кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз етсін;

5) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, лифттерді әрбір сағат сайын және едендерді әрбір үш сағат сайын өңдесін;

6) асханаларға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету желісіне тыйым салсын;

7) жедел респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар  персоналдың жұмыс істеуіне жол берілмеу;

8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізу, есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қоятын жерлерін), түскі ас залына (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналары, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртсін;

9) сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын оның ішінде тұтастығы бұзылған жағдайда бір рет қолданылатын қолғаптармен халыққа қызмет көрсету;

10) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және т. б. үстелдердің арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау.

 

2. Қызметі тоқтата тұрылуы қажет объектілер

Барлық сауда объектілерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар орталықтары, адамдар көп жиналатын кез келген басқа да ойын-сауық объектілері өз қызметін тоқтата тұрады.

 

3. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, ателье және басқалар) жұмыс істеуін шектеу:

1) жұмыс істеу кезінде персоналдың бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануын қамтамасыз етсін  (маскалар 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырылады);

2) кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

3) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, лифттерді және едендерді әрбір үш сағат сайын өңдеу;

4) келушілерге коронавирустың профилактикасы бойынша жадынамалар тарату;

5) адамдар көп жиналуын болдырмауға арналған іс-шараларды ұйымдастырады.

 

4. Минимаркеттер, үй жанындағы дүкендер қалыпты режимде санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді:

1) сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру керек;

2) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып
5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

3) өз аумағына келушілерді тек маска киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз ету) және келушілерге арналған коронавирустың профилактикасы жөніндегі жаднамаларды тарату;

4) объектілерде жйелі желдетуді жүргізу, сору-тарату қондырғысымен дезинфекциялау, сырттан ауа кіруі арқылы үй-жайларды желдету және сзгілеу;

5) қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ уақыт әсері бар көп функционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

6) объектіге іргелес аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге міндетті.

 

5. Жауапкершілік

Осы бұйрықта көрсетілген ұсынымдар орындалмаған жағдайда тиісті аумақтың бас дәрігерлері объектілерді тоқтата тұруға дейін шаралар қолдана алады.

 

6. Қосымша шаралар

1. Тиісті аумақтар әкімдерінің және тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық және оның таралуы бойынша  эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін және уақытша тоқтату шаралары қолданылуы мүмкін.

2. Коронавирустық инфекцияның  профилактикасы бойынша бейнероликтердің таратылуын қамтамасыз ету.

3. 65 жастан асқан адамдар мен балаларға сауда орындарына кіру мүмкіндігі шектелуін ұсынылады.

4. 65 жастан асқан адамдарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізуге еріктілерді тарту ұсынылады.

5. Сауда орындарында 65 жастан асқан адамдарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тамақ пен дәрі-дәрмектерді, қажетті тауарларды ақысыз жеткізуді ұйымдастыру ұсынылады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp