Хабарлама

19.03.2020

Құрметті азаматтар!

     

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covid-19 жаңа коронавирусын пандемия деп жариялауға байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай кезеңінде уақытша шектеулер енгізіледі, соның ішінде аудан әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы жеке қабылдауларды жүргізу.

Осыған байланысты, Сізге 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында аудан әкімі мен оның орынбасарларымен азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылғанын хабарлаймыз.

Азаматтарды қабылдау қайта басталғаннан кейін Сізге, жаңа кесте туралы қосымша хабарлаймыз.

Сонымен қатар, барлық қалаушылар үшін «Е-gov» электронды үкімет порталы, «Қазпошта» АҚ қызметтері, Успен ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінің ресми мессенджерлері (инстаграмм - @yspen_aqparat, @nv.dychko, фейсбук – Успен ауданының ішкі саясаты және WhatsApp нөмір - +77774182385), www.uspenka.gov.kz сайтындағы аудан әкімінің блог-платформасы арқылы өтініш беру мүмкіндігі ұсынылатынын хабарлаймыз.

Және де мемлекеттік органдардың жедел әрекет етуінің қажеттілігі жағдайларында Сіз, 109 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс-орталығына, сондай ақ азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуі туралы хабарламаларды қабылдау үшін 87183491333, 87183491300 және WhatsApp +77715322182 жүгінуіңізге болатыны туралы хабарлаймыз.

                                                                      Успен ауданы әкімінің аппараты

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp