Жоба Успен аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Успен ауылы №__ 2020 жылғы «__»______ Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғ

20.02.2020

Жоба

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Успен ауылы                          №__                2020 жылғы «__»______

 Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 39-3 – бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын  өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

         1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

         2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Ольгин ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1,5 % мөлшерінде бекітілсін.

         3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

        Cессия төрағасы                                                        

 

 

        Аудандық

        мәслихат хатшысы                                                         

 

 

 

 

 

 

 

Успен аудандық мәслихатының

2020 жылғы __________ ________

№ _____ шешімімен

Бекітілген

 

Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің

тәртібі

 

                                                             

1. Осы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының             39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін  белгілейді.

2. Успен ауданы Ольгин ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі–бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

3. Бөлек жиынды Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімі шақырады.

Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

         4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

         5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

         6. Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

         7. Бөлек жиынды Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

         Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

         Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

         8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушалары ұсынады.

         Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

         9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

         10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp