Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарландыру

13.02.2020

2020 жылғы 12 ақпанда Успен ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Дауыс берудің нәтижелері туралы хаттаманың негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі қорытындыларды белгіледі:

Сайлаушылардың жалпы саны – 9. Дауыс беруге қатысқандары – 8. Дауыс берудің қорытындылары бойынша Успен ауылдық округінің әкіміне кандидаттар келесі дауыс санын жинады: Викторов А.В. – 2, Негриенко В.В. – 2, Саламацкий С.И. – 4. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – жоқ.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабының 11-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Успен ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді:

Саламацкий Сергей Иванович – 1964 жылы туған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Галицк ауылының тұрғыны, украин.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp