Memlekettik qyzmetshilerdiń jalaqysy ósedi

20.02.2020

Memlekettik qyzmetshilerdiń jalaqysy ósedi

19-ақпан күні, Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ю. Фельдман, Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары мекемелерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Н. Әутәліпов, ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп семинар өткізді. Семинар жұмысына аудан әкімі Н. Дычко қатысты.

Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ю. Фельдман өткен жылдың 10-желтоқсанында тиісті заң қабылданып, мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдарға өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Қабылданған заң бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалуға құқығы бар тұлғалардың аясы кеңейді. Атап айтсақ, халықаралық, шетелдік, трансұлттық компанияларда соңғы бес жылда жұмыс жасаған, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында доктарантураны тәмамдаған, одан басқа квазисектордағы компанияларда басшылық жасаған тұлғалар. Одан басқа бір органнан шығып келесі күні немесе 1 ай ішінде басқа бір органға жұмысқа шыққан, бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органга жұмысқа ауысатын мемлекеттік қызметшілерге байланысты өзгерістер туралы айтып, бұдан былай әлеуметтік салаға мемлекеттік қызметке келетіндер үшін қосымша келісім этапы енгізілгені туралы да жеткізді.

Жаңа заңнамаға байланысты, бірінші басшылардың жауапкершіліктері біршама артады. Саяси мемлекеттік қызметшілердің қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот үкімі күшіне енгеннен кейінгі 10 күн ішінде отставкаға өтініш беруге міндетті. Бұдан басқа енді саяси қызметкерлерге байланысты да ротация енгізілген. Тағы бір жаңалық мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктері сәйкестендіру карталарымен алмастырылады.

Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары мекемелерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Н. Әутәліпов мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау мәселесіне тоқталып, еңбекақыларының өсетіні туралы айтып өтті.

Семинардан кейін жеке қабылдаулар жүргізілді.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp