Ұлттық және үстелдік спорт түрлерінен лигаларда Успен ауданының чемпионаты

10.02.2020

2020 жылдың 8 ақпанында аудандық мәдениет үйінде Ұлы ойшыл және ғалым әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ұлттық және үстелдік спорт түрлерінен лигаларда Успен ауданының чемпионаты басталды. Жарыс қорытындысы бойынша тоғыз құмалақта 1-орынды Ковалев ауылынан Т. Дриц, 2-орынды Н. Қосыбаев (№3 ОМ), 3-орынды Қаратай ауылынан М. Смағұлов иеленді. Шахматтан 1 орынды Сартисон В. (Успен а.), 2 орынды Усенов Н. (№1 ЖББМ), 3 орынды Егембаева Е. Ольгин ауылынан иеленді. Дойбы бойынша 1 орында Н. Сабабаев (Успен а.), 2 орында Е. Смағұлов ("Сауық орталық"), 3 орында В. Дисенов ("ардагерлер"). "Асық ату" ұлттық ойынында 1 орынды Н. Такиш ("БЖСМ"), 2 орынды Таволжан ауылынан Е. Негодин, 3 орынды А. ТӨЛЕГЕНОВ (№2 ОМ) иеленді. "Бес асық" ойынында Ольгин ауылының тұрғыны Ж. Әбдірейім 1 орынды және №2 ЖОББМ 2 орынды Ечкало Д. (№2 ЖОББМ) иеленді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Бұл чемпионат жыл бойы тоқсан сайын өткізіледі, лиганың келесі туры ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp