2020 жылы павлодарлықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады

17.01.2020

2020 жылы павлодарлықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады

 

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы көбейтілді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 7% - ға арттырылды, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 %- ға ұлғайды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдар санына және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болады.

Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5% - ға арттырылды.

Мысалға, жылдың басынан бастап жалпы аурудан мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгені құрайды.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты осы жылы 26 818 теңгеден 65797 теңгені құрайды. Сонымен бірге, жетім балаларға әрқайсысы үшін 36 796 теңгеден беріледі, бірақ отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы көбейді: бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 776 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі үшін - 167 076 теңгеге дейін (63 АЕК). Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдіктер: бірінші балаға - 15 276 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға - 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 20 819 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 603 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді, мөлшері 16 973 теңгені құрайды.

Мүгедек баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалған және төленетін жәрдемақы мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 43 657 теңгені құрайды (1,4 ЕТКД). Осындай мөлшерде бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы төленеді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру, көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақының жаңа түрі – 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары 23 жасқа толғанға дейін көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Мемлекеттік корпорация 2019 жылдың қарашасынан бастап келесі дайындық жұмыстарын жүргізді:

- толық кеңес беру;

- қажетті құжаттарды сәйкестікке келтіруге  жан-жақты көмек көрсету (құжаттар, алушылардың өздерін тіркеу);

- білім беру мекемелерінен асырауындағыларға оқыту туралы анықтамаларды және т. б. сұрау салуға көмек көрсету. 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті -Мемлекеттік корпорация филиалының құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы биліктің, құзыретті органдардың жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау осы жәрдемақы түріне құқығы бар 2 мыңнан астам көп балалы отбасыларға 100% жүзеге асырылды және қаңтар айының бірінші күні ақшалай қаражат алушылардың банк шоттарына сәтті аударылды.

Сонымен қатар, жәрдемақының жаңа тағайындалуынан басқа, Мемкорпорация филиалы 2018 жылғы қаңтардың 01-не  дейін тағайындалған және «Көп балалы отбасы» арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар ретінде есепте тұрған 3 718 отбасына автоматтандырылған қайта есептеу жүргізді.

Яғни, көп балалы отбасылар жаңа форматтағы жәрдемақыны қаңтар айында алатын болады. Қаңтар айының алғашқы күндерінде Павлодар облысы бойынша көп балалы отбасы ретінде  жәрдемақы алушылар саны – 5881 отбасын құрады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp