«Абай мұрасы – мәдени қазына»

06.02.2020

2020 жылы 5ақпан  Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жыл толуына орай  аудандық кітапхананың коворкинг орталығында №1 УЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушыларына «Абай мұрасы – мәдени қазына» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Іс шара барысында кітапханашылар оқушыларға «Абай – дара, Абай-дана» слайд-презентация мен  «В памяти предков» тақырыбында ұлы дала ақыны Абайдың өмір жолы туралы бейнефильм көруді ұсынды. Абай- жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай арқылы қазақ халқы орыс, еуропалық, шығыс мәдениеттеріне жақын болды.  Іс шара кезінде оқушылар ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдерін, орыс және қазақ тілінде қара сөздерін мәнерлеп оқып, ақынның ойын оқырмандарға жеткізе білді. Ұлы ақын  музыкалық саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Көрермендер «Көзімнің қарасы» музыкалық шығармалығынан ән тыңдады. «Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап көрмесінде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған кітаптарға шолу жасалды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp