К.К.Махамбетовты еске алу турнир

03.02.2020

   К.К.Махамбетовты еске алу турнир

 

Қоңырөзек ауылындаК.К.Махамбетовты еске алу құрметіне орай волейболдан 6-шы ашық турнир өткізілді. Кейсамиден Қасқырбайұлы Махамбетовтің өмір жолы қарапайым. Кеймамиден Қасқырбайұлы салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттады. Ол өз ісінің нағыз шебері,  дене шынықтыру және спорт саласындағы сауатты және атқарушы маман болды.

Турнир жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу, салауатты өмір салты дағдылары мен белсенді өмірлік ұстанымдарын дамыту, волейболды бұқаралық спорт түрі ретінде кеңінен тарату және спорттық шеберлікті арттыру мақсатында өткізілді.Турнирдің ашылуы жылы, достық жағдайда өтті. Бұл шараның жүргізушісі - Б.Т. Орумбаева турнир қонақтары мен қатысушыларын құттықтады. Бибисары Тахауиденқызы жиналғандарды Кейсамиден Қасқырбайұлының өмірбаянымен таныстырды.

Успен ауданы әкімінің орынбасары Қ.Абушахманов пен Кейсамиден Қасқырбайұлының ағасы Н. Махамбетов жиналғандарға жылы сөздерін арнады. Қонақтар турнир қатысушыларына сәттілік пен жаңа спорттық жеңістер тіледі!

Л.В. Бакулина, К.Бакулина, Л.Степанищева, В.С.Пирогова жиналған көршілікке музыкалық сәлемдемесін жолдады.

Турнирге 14 команда қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасында 3-орынды Конрозек ауылының командасы, 2-орынды Красиловка ауылының командасы жеңіп алды, Галицкое ауылының командасы жеңімпаз атанды. Ерлер арасында үшінші орынды Галицкое ауылының командасы, екінші орынды Шарбақты ауылының волейболшылары иеленсе, Қонырөзек ауылының командасы турнирдің жеңімпазы атанды. Турнирдің ең үздік ойыншылары ретінде келесі қатысушылар танылды: әйелдер арасында Мадина Мусанова (Қоңырөзек ауылы), ерлер арасында - Кенкишев Самат (Қоңырөзек ауылы). Жарыстың салтанатты жабылуында жеңімпаздар, жүлдегерлер және турнирдің үздік ойыншылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирге Махамбетовтер отбасы демеушілік жасады.

Бұл турнир біздің қарсылас қана емес, сонымен бірге достықты және спорт дәстүрлерін бағалайтын спортшылар екенімізді дәлелдеді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp