«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

24.01.2020

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы бағдарламаны іске асыру барысында елді  мекендерге жаңадан диплом алған оқу орындарының түлектері ғана емес жұмыс өтілі бар мамандар да келе бастады. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2004 жылғы 6 қарашадағы  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы»  №72 бұйрығымен бекітілген қағида мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысының негізінде жұмыс істейді.

2018 жылдан бастап мемлекеттік қызмет баламалы негізде коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі.

Жыл басынан бері Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 59 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Ауылдық жерге жұмыс істеуге келген мамандарға 70 еселенген айлық есептік көрсеткіш (176 750) теңге көлемінде көтерме жәрдемақы түрінде мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл мөлшерде 24 маман алды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына 2019 жылдың 31 мамырындағы № 359 енгізілген өзгертулерге сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 20 маман (252 500) теңге алды).

 Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде 0,01% жылдық мөлшерлемемен 15 жыл мерзіміне 1500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада (2019 жылы – 3 787 500 теңге) 22 маман алды.

2019 жылы барлығы 44 көтерме жәрдемақы берілді. Жалпы сомасы 9 292,0 мың теңге, оның ішінде:

- білім беру саласында – 6 110,0 мың теңге сомасына 29 көтерме жәрдемақы;

- денсаулық сақтау саласында –2 323,0  мың теңге сомасына 11 көтерме жәрдемақы;  .

-агроөнеркәсіптік кешен саласында (ветеринария) –353,5 мың теңге сомасына 2 көтерме жәрдемақы;

- мәдениет саласында 505,0 мың теңге сомасына 2 көтерме жәрдемақы.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түрінде 23 маман көмек алды, жалпы сомасы  72 303,0 мың теңге, соның ішінде:

- денсаулық сақтау саласында- 22 437,5 мың теңге сомасына 6 маман;  

- білім беру саласы бойынша - 45 313,5 мың теңге сомасына 14 маман;

-мәдениет саласында жалпы сомасы 7 556, 5 мың теңгеге 2 маман.

2009 жылдан  2019 жылға  дейінгі мерзімде  мамандарды  әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді:

Көтерме жәрдемақы – 41 518,6 мың теңге сомасында 311 маман,

Бюджеттік 348 967,9 мың теңге сомасында  кредит түрінде – 142 маман.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерде мамандардың тұрақтануына  ықпал етеді, ауылдық елді мекендерде әлеуметтік саланың   қызметінің тиімділігі артады.  Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мүдделі мемлекеттік органдар басшыларымен бірлесіп осы мемлекеттік қызметті жақсарту және сапалы көрсету мәселелері бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. 

 

 

                   

          

          

                    

          

             

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp