Павлодарлық кәсіпкерлерді «Іскерлік қатынастар» жобасына қатысуға шақырады

20.01.2020

Біліктілікті қалай арттыруға болады, шетелдік іскери әріптестердің тәжірибесін зерделеп, өз өндірісіңізге ең жақсысын қалай енгізуге болады? Мүмкін, бұл сұрақты өз ісін дамытқысы келетін кез-келген кәсіпкер өзіне кемінде бір рет қойған шығар.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жетекші бизнес-жаттықтырушылармен тегін оқу курстарынан өту, бизнес-жоспар дайындауды және шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады.

Бұл туралы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Зарина Шаймерденова айтып берді.

«Іскерлік қатынастар» жобасы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мұнда экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер шақырылады, олардың тізімін БЖК-2025 бағдарламасы анықтайды. Қатысушылар ретінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға мүдделі компаниялардың аға және орта буын менеджерлері бола алады. Бағдарламаның шартына сәйкес, қатысушы кәсіпорындар шағын немесе орта бизнес санатынан болу керек. Бұл кездейсоқ емес, өйткені бизнестің бұл категорисясы сыртқы қатынастарды орнатуда мемлекеттің қолдауын қажет етеді », - деді Зарина Шаймерденова.

Оқу семинарлары ақысыз өтеді, аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат беріледі, содан кейін Германияға бару үшін конкурстық іріктеуге қатысады.

«Іскерлік қатынастар» жобасының бірінші кезеңі ол- Қазақстанда өткізіледі, онда қатысушылар өз іскерлік біліктіліктерін арттырады. Бұл  бизнес-тренингтерде кәсіпкерлер екі негізгі бағыт бойынша білім алады: басқарушылық құзыреттілік және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы білім. Бұл бизнесті жүргізудің заманауи әдістері, маркетинг, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату дағдылары. Оқу процесінде қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өздерінің кәсіпорнына немесе өніміне арналған бизнес-жоспарларын жасайды. Екінші кезеңге өткендер Германиядағы ұқсас профильдегі кәсіпорындарда төрт апталық тақырыптық тегін тәжірибеден өтеді», - деді Зарина Шаймерденова.

Шетелде іс-тәжірибеден өту шетелдік серіктестермен: технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, франшизалар мен лицензияларды алу, халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу, бірлескен кәсіпорындар құру сияқты іскерлік қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді.

«Тағылымдамадан өтуге қатысушыларды іріктеуді бірлескен қазақстан-герман комиссиясы өткізеді және үміткерлердің олардың тағылымдамадан өту, сұхбаттасу, жобалық тапсырманы бағалау және конкурстық құжаттаманы талдау мақсатында сұхбаттан тұрады. Комиссияның қарастыруы үшін «Іскерлік қатынастар» сертификаты немесе «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқыту» компонентінің болуы қажет. Қатысушы үшін оқу, жол ақысы, тұру тегін. Осылайша, кәсіпкер өзі үшін аз шығыны бар алдыңғы қатарлы шетелдік өндірістерге бара алады, тәжірибесін болашақта жұмыс орнында қолдана алады. Қосымша ақпарат алу үшін Луговая көшесі, 16 мекен-жайы бойынша аймақтық кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыз немесе 87182660311 ішкі 5511, 5554 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп қорытындылады Зарина Шаймерденова.

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp