Құрметті азаматтар!

10.01.2020

Құрметті азаматтар!

           Успен ауданының прокуратурасы, заңнама новеллаларын түсіндіру мақсатында Мемлекет басшысымен 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.

           Аталған заң Мемелекет басшысының тапсырмасы зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, қорықшылық қызметі, және өсімдіктер мен жануарлар дүнйесін қорғау жөніндегі инспектордың өміріне қол сұғу, мас күйінде көлік жүргізу, сондай-ақ басқа да бірқатар қауіпті құқық бұзішылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді іске асыруға бағытталған.

           Құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар нормалар көзделген. Олар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарды қоғауға бағытталған және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асырады.

          Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін санкция күшейтілді. «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» ӘҚБтК-нің 73-бабында қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» «1-1»-тармақпен толықтырылды, яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер ескерту жасауға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

          Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 64-бап «1-1» тармағыменнда, Кодекстің 73, 73-1 немесе 73-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, өтініш берушілермен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, сот әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

         Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 188-1 «Мал ұрлығы» және 299-1-баптармен «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» толықтырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp