Банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар мемлекеттік қаржы мекемелеріне қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ақпарат беретін болады

13.12.2019

Дереккөз: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (kgd.gov.kz/ru)

 

Банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар мемлекеттік қаржы мекемелеріне қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ақпарат беретін болады

 

Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген және жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерге салық жеңілдіктері қарастырылғанын хабарлайды. Бұл салықтық жеңілдіктер белгілі бір шарттар сақталған жағдайда ғана қолданылады. Міндетті шарттардың бірі тауар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу болып табылады.

Салықтық әкімшілендіру мақсаттары үшін Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ақпарат беруге міндетті.

Бұл ретте тұлға Ұлттық пошта операторы бола отырып, бір мезгілде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылады. Ұлттық пошта операторы арқылы салынған төлем арқылы тауар үшін төлем жүргізілген жағдайда, төлемнің осы түрі тауар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ретінде танылады (Қазақстан Республикасының төлем және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес).

Тиісінше, егер салық төлеуші электрондық саудамен айналысса және Ұлттық пошта операторы арқылы үстеме төлем арқылы тауар үшін төлем қабылдаса, онда мұндай салық төлеушілер да салықтық жеңілдіктерді пайдалана алады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp