Павлодарлықтар медициналық сақтандыру үшін 10,6 млрд теңге аударды

18.12.2019

Павлодарлықтар медициналық сақтандыру үшін 10,6  млрд теңге аударды  

Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 10,6 млрд. теңге төледі. Өңірге қарасты қалалар арасында Павлодар қаласы көш бастап тұр. Аудандар арасында Баянауыл, Шарбақты және Павлодар аудандары үздіктер қатарында.       

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлем жасайды. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Қазіргі күнге дейін медициналық сақтандыру қорына 234 млрд теңге жарна түскен. Оның 224 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары, ал 8,9 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық төлемін төлей алады. Оған төрт салық түрі – жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру жарнасы және әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төленетін жарна кіреді. Бірыңғай жиынтық төлем қарамағына жұмыскер алмай, табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар арналған.

Бірыңғай жиынтық төлем ай сайын төленіп, республикалық және облыстық деңгейдегі қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2525 теңге), өзге елдімекендердің тұрғындары үшін (аудан орталықтары, ауылдар, кенттер)    0,5 АЕК (1263 теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Келесі жылдан бастап жиналған қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді сатып алуға жұмсалады. Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайтынан ала аласыз.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp