Тауарлардың электрондық саудасымен айналысатын кәсіпкерлерді салықтық әкімшілендіру

11.11.2019

Тауарлардың электрондық саудасымен айналысатын кәсіпкерлерді салықтық әкімшілендіру мақсатында Салық кодексінде мыналар көзделген.

1) Салық кодексінің 28-бабы 2-тармағына сәйкес Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

2) Салық кодексінің 24-бабының 17-тармақшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.

3) Салық кодексінің 28-бабы 3-тармағымен тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсыналатындығы анықталды.

4) салық төлеушілерден, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, тауарларды электрондық сауда кезінде жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардан, сондай-ақ жазып берілген ЭШФ алынған мәліметтер негізінде Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 65-тармақшасын, 293-бабы 3-тармағын, Заңның 33-бабы 2-тармақшасын сақтау бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізілетін болады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp