Тауарлардың электрондық саудасына салық салу

11.11.2019

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - тауарларды электрондық сату және белгіленген талаптарды орындайтын салық төлеушілер үшін есептелген табыс салығын 100% - ға азайту түрінде салықтық жеңілдіктер көзделгені көзделген.

Бұл үшін жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық саудамен айналысуға ниет білдірген салық төлеуші орналасқан жері бойынша МҚО-да тауарлармен электрондық сауда субъектісі ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама беруге міндетті және кейіннен ол мынадай шарттарды сақтауы қажет:

- тауарлар үшін есеп айырысу қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілуі тиіс;

- шарт онлайн-режимде жасалуы тиіс;

- өз жеткізу қызметінің немесе тауарды тасымалдауды, жіберуді жүзеге асыратын тұлғамен жасалған шарттың болуы.

Бұл ретте тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асырудан түсетін табыстар заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының не дара кәсіпкердің салық кезеңінде жиынтық алынған табысының кемінде 90% - ын құрауы қажет.

Осы шарттар сақталмаған жағдайда салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.

Тауарлардың электрондық саудасы мәселелеріне қатысты Салық кодексінің нормаларын іске асыру мақсатында жыл басынан бастап Қаржы министрлігі (бұдан әрі - ҚМ) тауарлардың электрондық саудасын салықтық әкімшілендіру мәселелерін реттейтін ҚР Қаржы министрінің үш бұйрығын әзірлеп тіркеген.

Анықтама:

* электрондық сауда шеңберінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды және жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін ҚР ҚМ 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығы;

* тауарлардың электрондық саудасы шеңберінде салық төлеушілердің жүзеге асырылған мәмілелер бойынша мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін ҚР ҚМ 2018 жылғы 16 ақпандағы № 222 бұйрығы;

* ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық сауда саласында сатып алынған тауар үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін ҚР ҚМ 2018 жылғы 20 ақпандағы № 249 бұйрығы

Жоғарыда айтылғанға қосымша барлық қажетті ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ тіркелген салық төлеушілердің тізімі мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Тауарлармен электрондық сауда» қосымша бетінде орналастырылғанын хабарлаймыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp