Электрондық сауда артықшылықтары

11.11.2019

Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы Интернет арқылы тауарларды электронды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін Салық кодексінде корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын хабарлайды.

Яғни, Интернет арқылы сауда жасайтын тұлғалар корпоративтік табыс салығын (жеке табыс салығын) төлеуден келесі шарттар сақталған жағдайда босатылады:

* тауарларды сату бойынша мәмілелерді ресімдеу электрондық түрде жүзеге асырылады;

* тауарлар үшін төлем қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;

• сатып алушыға (алушыға) тауарларды жеткізудің жеке қызметінің болуы немесе жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы;

Сондай-ақ тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен табыстар жылдық жиынтық табыстың кемінде 90% құрауы тиіс. Осы шарттар сақталмаған жағдайда салық төлеуші салық жеңілдіктерін қолдануға құқығы жоқ.

Жеңілдіктер алу үшін электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар үшін алдымен жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру және Мемлекеттік кіріс органдарына қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу қажет.

Салық кодексінің 28-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тауарлардың электрондық саудасы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде табыс етуге міндетті.

Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етеді.

Салық төлеушілерден, Екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, тауарларды электрондық сауда кезінде жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардан, сондай-ақ салық төлеуші жазып берген ЭШФ алынған мәліметтер негізінде заңнама нормаларын сақтау бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізіледі.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp