ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай салтанатты жиналыс

12.12.2019

ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай салтанатты жиналыс

 

ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында Успен ауылының аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, жастар көшбасшылары және т.б. қатысты. Жиналыс басталмас бұрын Тәуелсіздік жылдарындаелдің жетістіктері туралы фильм көрсетілді.

Салтанатты жиналыс ашылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.

Салтанатты жағдайда жиналғандардың алдында құттықтау сөздерімен аудан әкімі Н.В. Дычко сөз сөйледі. Аудан әкімі Тәуелсіздік күні – заманауи Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі екенін атап өтті. Ол өзімен жаңа егеменді және тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасының пайда болуын белгіледі. Бұл мереке заң бойынша біздің еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің нышаны болып есептеледі.

Тәуелсіздік күнінің 28 жылдығы шеңберінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін:

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен:

Абзалов  С. Е.-«Егінбай» ФҚ басшысы;

Саруджиди С.А. – «Анна»ШҚ басшысы;

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен:

Стаценко С.И. –Новопокров ауылдық кітапханасының кітапханашысы;

Шаханова Г.А.-Равнополь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

Педаш А.В.–Ольгин ЖОББМ мұғалімі;

Кабиев А.К.–Успен аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы;

Санникова Л.П.– «Успенский КБО-БЫТ» бас бухгалтері;

Успен ауданы әкімінің алғыс хатымен:

Наукенов Г.Н.- «Кредитное товарищество «Ажболат» жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің директоры;

Гречко Н.Н. - Тимирязев негізгіжалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

Калиева А.А - Успен ауданы мал дәрігерлігі бекетінің Равнополь ауылдық округінің мал дәрігері;

Продан Г.А.- «Успенский КБО-БЫТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассирі;

Шоканова Г.М. - Лозов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

Сокол Л.С.- «ПРЭК» акционерлік қоғамының Успен ауданы электр желілерінің бухгалтері;

Литвишко А.Е.- «Қазпошта» акционерлік қоғамының Успен аудандық пошта байланысы торабының бас маманы;

Василевич И.Г.- Успен аграрлық-техникалық колледжінің география пәнінің оқытушысы.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Успен ауданының шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуімен мерекелік концерт өтті.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp