Аудан әкімдігінде кеңестер өтті.

29.11.2019

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында аудан әкімдігінде білім мекемелері басшыларының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, психологтардың қатысуымен кеңестер өтті.

Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Болат Мансұр Болатұлының төрағалығымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен кәмелетке толмаған балаларға қатысты жасалған қылмыстар» мәселесі қаралды. Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары - Садықов Әсет Амангелдіұлы баяндама жасады.

Әрі қарай, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. №1 Успен ЖОББМ  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың әдістері мен формалары» тақырыбындағы тәжірибесі қорытындыланды. Жұмыс тәжірибесін №1 Успен орта мектебі директорының орынбасары - Елена Придатко насихаттады. Сонымен қатар, Успен аграрлық-техникалық колледжі әкімшілігінің, ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтын анаға қатысты, аудандық комиссияға жолданған өтініші де қаралды. 2 отырыстың қорытындысы бойынша нұсқаулар беріліп, одан әрі бірлескен іс-шаралар белгіленді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp