«Билер кеңесі»

14.11.2019

 «Билер кеңесі»

 Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес, медиация – бұл тараптардың ерікті түрдегі келісімі бойынша іске асырылатын өзара қолайлы шешімге жету мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегімен тараптар арасында дауларды (жанжалдарды) реттеу рәсімі. Медиатор – кәсіби және кәсіби емес негізде медиацияны жүргізу үшін тараптармен тартылатын тәуелсіз жеке тұлға.

Успен ауданында дауларды сотқа дейінгі реттеуді ойдағыдай енгізу, медиацияны дамыту, сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Билер кеңесі» құрылды.

Билер кеңесі – қазақ билерінің дәстүрлерін жаңарту, қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау, даулылық деңгейін, құқық бұзушылықтарға төзбестікті төмендету және оны ескерту, әдет-ғұрыптарды сақтау бойынша ауылдық, аудандық және қалалық әкімдіктер жанындағы кеңесші орган болып табылады. Кәсіби емес медиатор болып табылатын билер кеңесінің мүшелері дауларды, жанжалдарды реттеу шарттары туралы келісетін тараптар медиативті келісімдерді жасауға құқылы. Бұл келісімдердің заңды күші бар және орындауға жатады.

«Билер кеңесі» жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері: үлкен өмірлік тәжірибесі, беделі, мінсіз атағы бар жергілікті қоғамдастық мүшелері – құрметті ақсақалдарға жүгіну арқылы әлеуметтік және басқа жанжалдарды шешу, отбасылық, еңбек, тұлғааралық және басқа азаматтық құқықтық қатынас саласында татуласу рәсімін өткізу.

Осылайша, кез келген жанжалдар пайда болған жағдайда адамдар медиаторлардың – Билер кеңесі мүшелерінің көмегімен оларды шеше алады, Билер кеңесі «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ-де орналасқан медиация кабинетінде және Успен аудандық сотына түскен істер бойынша сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдайды.

Успен ауданында Билер кеңесі келесі ауылдық округтер бойынша ақсақалдар қатарынан құрылды:

1. Успен ауылдық округі

  • Кабиев Акылбек Ахметович
  • Алтаев Батай Залимович

2. Ольгин ауылдық округі

  • Акшулаков Аятберген Байкужанович

3. Равнополь ауылдық округі

  • Семенюк Николай Иванович,
  • Арынгазинов Арстанбек Ануарович

4. Қозыкеткен ауылдық округі

  • Татенов Канатбек Муктарович

5. Лозов ауылдық округі

  • Смагулова Жанел Табулдиновна

6. Қоңыр Өзек ауылдық округі

  • Жумабаев Кенжагара Рамазанович

7. Новопокров ауылдық округі

  • Сулейманов Галым Калиаскарович

Құқық қорғау және сот органдарына жүгіну, басқа тәсілдермен ретттеу мүмкін болмаған жағдайда ғана ақырғы шара болуы тиіс.

 

«Билер кеңесінің» төрағасы Кабиев А.А.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp