Құрметті салық төлеушілер!!!

08.11.2019

Құрметті салық төлеушілер!!!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолдары ұсынылды.           Мемлекеттік қызмет көрсету функциясын жойылуы, бірнеше уәкілетті органдарда қайталап болғызбауына мүмкіндік береді (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті).

Атап өткенде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 74-бабы 3-тармағына сәйкес 2020 жылдын 1 қаңтардан бастап Салық органының электрондық цифрлық қолтаңбаны берген нәтижесінде төлеушінің тіркеу есебіне электрондық салық төлеушi ретінде тіркеу жүргізілмейді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Салық органының берген қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы бар салық төлеушілерді Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбасына қолдану және пайдалануға уақытылы  өту мақсатында тиісті іс-шараларды  жетілдіру қажет.

Осылайша, ҚР ҚМ МКК жүргізген талдауының нәтижесінде 01.01.2020 жылға дейін «расында» мәртебесі бар салық органының қолданыстағы ЭЦҚ саны 619 295 заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдарды құрағаны анықталды (Кесте 1).

Сондықтан, ҚР ҚМ МКК мемлекеттік кірістер департаменттеріне салық төлеушілер арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын өткізуді, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкес ақпараттық материалдарды орналастыруды және салық төлеушілерді Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбасына қолдану және пайдалануға кезең-кезеңмен өтуді уақытында қамтамасыз етуді тапсырады. ЭЦҚ тізімі ftp://ftp.kgd.gov.kz/URN/(Количество ЭЦП) ссылкасы бойынша ЭФТПИ серверінде орналасқан.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp