Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?

06.11.2019

Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?



Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.
Бұл үшін:
- Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет.

- Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады.
Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді.

- Әлеуметтік мәртебені телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp