Аудандық әкімдіктен хабар…

30.10.2019


           Аудандық әкімдіктен хабар

          Ата-ана - баланың алғашқы әлеуметтік ортасы. Ата-аналардың ең бірінші және қажетті міндеті - кез-келген жаста балаға мұқият және қамқорлықпен қарау.

         Ағымдағы жылдың 30 қазанында аудан әкімінің орынбасары - Дисюпова Альмира Аманқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен сауықтырудағы жауапкершілігіне қатысты 2 мәселе қаралды, қарау нәтижелері бойынша мүдделі тараптарға нұсқаулар берілді.

          Құрметті ата-аналар, сіздер заңда кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім беруі үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын ұмытпағаныңыз жөн. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабында «Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) тәрбиелеуден бас тартуы үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады», «Осы баптың бірінші бөліміне сәйкес, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады».

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp