Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығын хабарлайды.

04.10.2019

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығын хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасының екінші бағыты аясында Павлодар облысының Успен ауданында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады

Кәсіпкер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бірінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтініштерді қабылдау жүргізеді. Жоба бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың, халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан, жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтаған/оқуға қатысканы туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды Өңірлік кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. Тестілеу 2019 жылғы 5-7 қазан аралығында өткізіледі.Оқу 2019 жылдың 8 қазаннан басталады.

Өтініштерді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 3 қабат, анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5554,5560 немесе Успен а., Семенченко к-сі.,29. тел 87183492440

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp