ЖОБА Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төле

04.09.2019

          ЖОБА

  Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы                 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы «Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 232/42 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4374 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Сессия төрағасы                                               

  Аудандық мәслихатының хатшысы                               Р. Бечелова

  

 

Успен аудандық мәслихатының

2019 жылғы  «___» _______

№ ________ шешіміне қосымша

 

 Успен ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган  – «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік қолдау мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде, келесі құжаттармен бірге қоса көрсетіледі: тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжат.

4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізеді.

5. Отбасында екі және одан да көп мамандар тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

6. Мамандарға әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp